+382 бонус

ТАФЛОТАН БК 15 МКГ/МЛ КАПЛИ ГЛАЗНЫЕ ПО 3 МЛ

7650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тафлупрост
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Тубилюкс Фарма С.п.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір миллилитр ерітіндінің құрамында белсенді зат – тафлупрост, 15 мкг қосымша заттар: глицерин, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда келесі пациенттерге монотерапия ретінде: құрамында консервант жоқ көзге тамызатын дәрі ұсынылған; терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар; терапияның бірінші желісіндегі препараттарға төзімсіз немесе осы препараттарға қарсы көрсетімдері бар Бета-блокаторларға қосымша ем ретінде Тафлотан® БК 18 жастан асқан ересектерге қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
тафлупрост әсер ететін затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ұсынылған доза - Тафлотан® БК көзге тамызатын дәрінің бір тамшысын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына күніне бір рет кешке. Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымның төмендеуі әсерін азайтуы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында алғаш қолданған кезде пациент ең алдымен құтыны көзге тамызбай бір тамшы ерітіндіні алу үшін оны баяу қысып, қолдануды үйренуі тиіс. Пациент көзге бір рет бір тамшы тамыза алатынына сенімді болғанға дейін жаттығу керек. Олай болмаған жағдайда сол дәрілік препаратты бір рет қолдануға арналған түбек-тамшылатқыштардағы консервантсыз баламалы нұсқа неғұрлым қолайлы болуы мүмкін. Ерітіндінің ықтимал ластануын болдырмау үшін пациенттер құтының аппликаторының ұшымен өз қабақтарына, көздің айналасындағы жерлерге немесе кез келген басқа беттерге тимеуі тиіс. Көз тамызатын дәріні жаққаннан кейін тамшылатқыштың ұшында қалған қалдық сұйықтықты құтыны жоғарыдан төмен қарай бір рет сілку арқылы дереу алып тастау керек. Тамшылатқыштың ұшына қол тигізуге немесе сүртуге болмайды. Қабақ терісінің қараю қаупін азайту үшін пациенттер теріден артық ерітіндіні сүртіп тастауы керек. Көзге тамызатын басқа дәрілерді қолданғандағыдай, носолакрималдық окклюзия (көздің ішкі бұрышының аймағын сұқ саусақпен қысу) немесе препаратты тамызғаннан кейін қабақты абайлап жабу ұсынылады. Бұл көз арқылы енгізілетін дәрілік заттардың жүйелі сіңірілуін төмендетуі мүмкін. 28 күнге қажетті мөлшерді қолданғаннан кейін қалдық көлемі шамамен 1 мл болады. Пациент құтыны босатуға тырыспауы тиіс. Құтыны алғаш қолданған кезде Егер пакеттің бүтіндігі бұзылса немесе құтының мойнындағы пластикалық сақина болмаса немесе оның бүтіндігі бұзылса, дәрілік препаратты қолданбаңыз. Пакетті нүктелі сызық бойынша ашыңыз. Құтының ашылған күнін картон қорапшасында көрсетілген орынға белгілеңіз. Дәрілік препаратты әрбір қолданғанда: 1. Қолыңызды жуыңыз. 2. Құтыны алғаш қолданған кезде қорғаныш сақинаның шығыңқы жерін тартып, қалпақшаның қорғаныш сақинасын алыңыз. 3. Қақпақты бұрап, құтыны ашыңыз. 4. Құтыны бірінші рет қолданған кезде бір тамшыны басқа жаққа қысып шығарыңыз. 5. Құтыны бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасына алыңыз. 6. Басыңызды артқа шалқайтыңыз немесе шалқаңыздан жатыңыз. Қолыңызды маңдайыңызға қойыңыз. Сұқ саусақ қастың деңгейінде немесе кеңсірікте орналасуы керек. Ерітіндінің ықтимал ластануын болдырмау үшін құтының ұшы көзге, көздің айналасындағы теріге немесе саусақтарға тимеуін қадағалаңыз. 7. Төменгі қабақты екінші қолыңызбен тартып, жоғары қараңыз. Құтыны абайлап сығыңыз және төменгі қабақ пен көздің арасындағы кеңістікке бір тамшысын тамызыңыз. Құтыны қысу мен тамшының шығуы арасында аздап кідіріс болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Құтыны тым қатты қыспаңыз. 8. Көзіңізді жабыңыз және саусағыңызбен көздің ішкі бұрышын шамамен бір минут басыңыз. Бұл тамшылардың көзжас арнасына енуіне жол бермейді. 9. Қабақтың терісінің қараю қаупін азайту үшін көздің айналасындағы терінің бетінен артық ерітіндіні сүртіп тастаңыз. 10. Құтыны ұштығында қалған ерітіндіні жою үшін төмен қарай бір рет сілкіңіз. Тамшылатқыштың ұшын ұстамаңыз немесе сүртпеңіз. 11. Құтының қақпағын орнына қойыңыз және құтыны мұқият жабыңыз. 28 күн емдеуге қажетті препаратты қолданғаннан кейін қалдық көлемі шамамен 1 мл болады. Дәрілік препараттың қалған бөлігін шығаруға тырыспаңыз. Егер тамшы көзге түспесе, дәрілік препаратты енгізуді қайталаңыз. Егер дәрігер екі көзге де ем тағайындаса, басқа көз үшін 6-9 тармақтарды қайталаңыз. Егер сіз жергілікті әсер ететін бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолдансаңыз, Тафлотан ® БК көзге тамызатын дәрісін және басқа да препараттарды қолдану арасындағы аралық кемінде 5 минут болуы тиіс. Егер сіз көзге тамызатын дәріні ұсынылғаннан жоғары дозада енгізсеңіз, бұл сізге зиян тигізбеуі керек. Келесі дозаны әдеттегі уақытта енгізіңіз. Егер сіз Тафлотан® БК бір дозасын өткізіп алған болсаңыз, есіңізге түскен кезде бір тамшыны бірден қолданыңыз. Содан кейін әдеттегі қолдану сызбасына оралыңыз. Өткізіп алған дозаны толтыру үшін қосарлы дозаны қолданбаңыз. Көз қысымының қайта көтерілуіне жол бермеу үшін дәрігермен кеңеспей, Тафлотан ® БК қолдануды тоқтатпаңыз. Бұл сіздің көзіңізді қайтымсыз зақымдауына акелуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерге қолдану Егде жастағы пациенттерді емдеген кезде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолдану Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупросттың әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуде сақ болу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.