+219 бонус

Тафлотан 15 мкг/мл 2,5 мл капли глаз. флак.-кап.

4395 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тафлупрост
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: НИДЕРЛАНДЫ
  • Өндіруші: Мануфакчуринг Пекиджин Фармака (МПФ) Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – тафлупрост, 15 мкг қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (pH мәнін түзету үшін), инъекцияға арналған су
Қолданылуы
ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда келесі пациенттерге монотерапия ретінде: терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар терапияның бірінші желісіндегі препараттарды көтере алмайтын немесе осы препараттарға қарсы көрсетілімдері бар бета-блокаторларға қосымша ем ретінде ТАФЛОТАН  ≥ 18 жастан асқан ересектерге қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- тафлупросттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ұсынылатын доза - ТАФЛОТАН көзге тамызатын дәрінің бір тамшысын зақымданған көздің  (көздердің) конъюнктивалық қабына күніне бір рет кешке. Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымды төмендету әсерін азайтуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Педиатриялық популяцияда қолдану 18 жасқа дейінгі балаларда тафлупростың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Қолжетімді деректер жоқ. Егде жастағы пациенттерге қолдану Егде жастағы пациенттерді емдегенде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолдану Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупростың әсері бойынша деректер жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдегенде сақ болу керек. Енгізу әдісі мен жолы Ерітіндінің ықтимал ластануының алдын алу үшін пациенттер құтының аппликаторының ұшының қабаққа, көз айналасындағы теріге және кез келген басқа беттерге тиюіне жол бермеуі тиіс. Қабақ терісінің қараю қаупін азайту үшін пациенттер теріден артық ерітіндіні сүртіп тастауы керек. Көзге тамызатын басқа дәрілерді қолданғандағыдай, мұрын-көзжас окклюзиясы - препаратты тамызғаннан кейін қабақты баяу жабу ұсынылады. Бұл көз арқылы енгізілетін медициналық препараттардың жүйелі сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Жергілікті әсер ететін бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде оларды қолдану арасындағы аралықтар 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.