+550 бонус

ТАФЛОТАН 15 мкг/мл 0,3 мл №30 флак/кап

11000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тафлупрост
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Сантэн АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат –тафлупрост, 15 мкг қосымша заттар: глицерол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (pH мәнін түзету үшін), инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда - келесі пациенттерге монотерапия ретінде: құрамында консервант жоқ көзге тамызатын дәрі ұсынылған терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар терапияның бірінші желісіндегі препараттарға төзімсіз немесе осы препараттарға қарсы көрсетімдері бар - бета-блокаторларға қосымша ем ретінде Тафлотан 18 жастан асқан ересектерге қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- тафлупростың әсер ететін затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ұсынылған доза - Тафлотан препаратының бір тамшысын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальды қапшығына күніне бір рет кешке. Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымның төмендеуі әсерін азайтуы мүмкін. Бір түбек-тамшылатқыштағы ерітінді тек бір рет пайдалануға арналған және оның мөлшері екі көзге қолдануға жеткілікті. Пайдаланылмаған ерітіндіні пайдаланғаннан кейін бірден утилизациялау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балаларға қолдану 18 жасқа дейінгі балаларда тафлупростың қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ. Қолжетімді деректер жоқ. Егде жастағы пациенттерге қолдану Егде жастағы пациенттерді емдеуде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолдану Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупрост әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуде сақ болу керек. Енгізу әдісі мен жолы Қабақ терісінің қараю қаупін азайту үшін пациенттер теріден артық ерітіндіні сүртіп тастауы керек. Көзге тамызатын басқа дәрілерді қолданғандағыдай, мұрынжасөзегінің окклюзиясы (көздің ішкі бұрышының аймағын сұқ саусақпен қысу) немесе препаратты тамызғаннан кейін қабақты абайлап жабу ұсынылады. Бұл көз арқылы енгізілетін дәрілік заттардың жүйелі сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Жергілікті әсер бар бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде оларды қолдану арасындағы аралықтар 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.