+125 бонус

ТАДЕС 5 мг №10 таб

2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезлоратадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Laboratorios Normon, S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - дезлоратадин 5 мг, қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, жеңіл орын басатын гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремний қабығы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, индигокармин алюминий лагы (Е 132), макрогол 6000.
Қолданылуы
Тадес препараты төмендегілермен байланысты симптомдарды жеңілдету үшін ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерге қолдануға арналған: ‒ аллергиялық ринит ‒ есекжем.
Қарсы көрсетілімдер
дезлоратадинге, лоратадинге немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге препарат тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (5 мг) тағайындалады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған, тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблетканы шайнамай, сумен іше отырып тұтастай жұту керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Егер аллергиялық ринит үнемі байқалмаса (симптомдар аптасына 4 күннен кем немесе 4 аптадан кем болғанда), дәрігер аурудың симптомдары жойылғаннан кейін емдеуді тоқтатуды және ол пайда болғаннан кейін оны қайта тағайындауды ұсынуы мүмкін. Созылмалы аллергиялық ринит кезінде (симптомдар аптасына 4 күннен артық және ұзақтығы 4 аптадан артық болғанда), аллергеннің барлық әсер ету мерзімінде үздіксіз режимде ем тағайындалуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.