ТАДЕС 0,5 мг/мл 120 мл р-р

2850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезлоратадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Лабораториос Нормон С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат-0,50 мг дезлоратадин, қосымша заттар: натрий бензоаты (Е 211), натрий сахарині (Е 954), сорбитол (Е 420), пропиленгликоль, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий цитраты, гидроксиэтилцеллюлоза, апельсин шырыны, тазартылған су.
Қолданылуы
Тадес препараты төмендегілермен байланысты симптомдарды жеңілдету үшін ересектер мен 2 жастан асқан балаларға қолданылады: аллергиялық ринит есекжем
Қарсы көрсетілімдер
дезлоратадинге, лоратадинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктілік және бала емізу кезеңі 2 жасқа дейінгі балалар тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, сахараза, изомальтаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Емді тағайындаған кезде дәрігер 2 жасқа дейінгі балаларда көп жағдайда мұрынның шырышты қабығының қабынуы аллергиялық емес, инфекциялық болып табылатындығын, сондай-ақ мұрынның шырышты қабығының инфекциялық қабынуын емдеу үшін дезлоратадиннің тиімділігін растайтын деректердің жоқтығын ескереді. Әдетте дәрігер ұсынатын дозалар келесідей. 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар: күніне бір рет 2,5 мл (1,25 мг). 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар: күніне бір рет 5 мл (2,5 мг). Ересектер мен жасөспірімдерге (12 жас және одан үлкен): Тадес препаратының ұсынылатын дозасы - күніне бір рет ішке 10 мл (5 мг) ерітінді. Ішке қабылдауға арналған 0,5 мг/мл дезлоратадин препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 1 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. 1 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда және 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде дезлоратадинді қолдану тиімділігінің клиникалық сынақ тәжірибесі шектеулі. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішуге арналған, оны тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Егер аллергиялық ринит үнемі байқалмаса (симптомдар аптасына 4 күннен аз немесе ұзақтығы 4 аптадан аз байқалса), дәрігер ауру симптомдары жоғалғаннан кейін емдеуді тоқтатуды ұсынуы мүмкін және олар пайда болғаннан кейін оны қайта тағайындауы мүмкін. Созылмалы аллергиялық ринит кезінде (симптомдар аптасына 4 күннен артық және ұзақтығы 4 аптадан астам байқалса) пациенттің аллергенмен байланысының бүкіл кезеңінде үздіксіз режимде емдеу тағайындалуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.