+111 бонус

ТАДАМЕД-20 20 мг №1 таб

2230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Protech Biopharma Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – тадалафил 20 мг, қосымша заттар: крахмал, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Қабықтың құрамында: полиэтиленгликоль 6000, темірдің (II) сары тотығы (Е172), метиленхлорид, изопропил спирті.
Қолданылуы
Ересек еркек пациенттерде эрекциялық дисфункцияны емдеу. Эректильді дисфункцияны емдеуде тадалафилдің әсерін көрсету үшін жыныстық стимуляция қажет. ТАДАМЕД-20 әйел адамдар қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрі бар препараттарды қабылдау; - ТАДАМЕД-20 жыныстық белсенділік ұсынылмайтын жүрек-қантамыр аурулары бар еркектер қабылдамауы тиіс. Дәрігерлер осындай аурулары бар пациенттерде жыныстық белсенділіктің жүрек-қантамырлар асқынуларының ықтимал қаупін ескеруі керек; - жүрек-қантамырлар аурулары бар пациенттердің келесі топтары үшін тадалафилді қабылдауға болмайды: - соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісін өткерген пациенттер, - тұрақсыз стенокардиясы немесе жыныстық қатынас кезінде туындайтын стенокардиясы бар пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде анықталған Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктемесі бойынша II және одан жоғары класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, - бақыланбайтын жүрек ырғағының бұзылуы, гипотензиясы (АҚ <90/50 мм сын.бағ.) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер, - соңғы 6 айда инсульт алған пациенттер; - ФДЭ-5 тежегішінің (фосфодиэстераза-5) бұрынғы әсеріне байланысты болуына қарамастан артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (NAION) салдарынан бір көздің көру қабілеті жоғалуы бар пациенттерге ТАДАМЕД-20 қолдануға болмайды; - риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін бірге қабылдауға болмайды, өйткені бұл симптоматикалық гипотензияның дамуына әкелуі мүмкін.
Дозасы
Ересек еркектердегі эректильді дисфункция (ЭД) Тамақтануға қарамастан, болжамды жыныстық белсенділікке дейін ұсынылатын доза 10 мг құрайды. Егер 10 мг тадалафилді қабылдау қажетті реакция бермесе, онда дозаны 20 мг дейін арттыруға болады. Препаратты болжамды жыныстық белсенділіктен кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек. Препаратты ұсынылған дозада қабылдаудың ең жоғары жиілігі - тәулігіне бір рет. 10 мг және 20 мг дозадағы Тадалафил болжамды жыныстық белсенділікке дейін қолдануға арналған және күнделікті қолдануға ұсынылмайды. ТАДАМЕД-20 қабылдауы жиі күтілетін пациенттер үшін (яғни аптасына кемінде екі рет) пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің пікіріне сәйкес ең аз дозада тәулігіне бір рет жиілікпен қолайлы қабылдау сызбасы жасалуы мүмкін. Препаратты күнделікті қабылдауды жалғастырудың орынды екендігіне тұрақты бағалау жүргізу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы еркектер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар еркектер Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза - 10 мг препарат. Тадалафилді күнделікті қабылдау бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар еркектер Эректильді дисфункцияны емдеу үшін ТАДАМЕД-20 ұсынылған дозасы, қажет болған жағдайда, тамақтануға қарамастан, болжамды жыныстық белсенділікке дейін 10 мг құрайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттердің (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) ТАДАМЕД-20 қолдану қауіпсіздігі бойынша шектеулі клиникалық деректер бар. Осы препаратты тағайындаған жағдайда емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жекелей бағалауға сүйенуі тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тадалафилді 10 мг асатын дозада қабылдау туралы деректер жоқ. Қант диабетімен ауыратын еркектер Қант диабетімен ауыратын пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы ТАДАМЕД-20 пероральді қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.