+644 бонус

ТАДАЛЕКС 20 мг, таблетки №4

12880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- 20.000 мг тадалафил; қосымша заттар: лактоза моногидраты, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза L (LH 11), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel-EF), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты. Үлбірлі қабығы (үлбірлі қабыққа арналған материал №18 (Opadry II Tan 85G27001): ішінара гидролизденген поливинил спирті, тальк (Е553b), титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ 3350, лецитин (сояның) (Е322), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172).
Қолданылуы
- ер жынысты ересек пациенттердегі эректильді дисфункцияны емдеу. Тадалафил эректильді дисфункцияны емдеуде әсер беруі үшін сексуалдық стимуляция қажет. ТАДАЛЕКС® әйелдердің қолдануына арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, тадалафил нитраттардың гипотензивті әсерін күшейтеді. Бұл нитраттар мен тадалафилдің азот оксиді мен цГМФ метаболизміне аралас әсерінен туындайды деп есептеледі. Сондықтан, ТАДАЛЕКС® препараты құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілімде. ТАДАЛЕКС® сексуалды белсенділік ұсынылмайтын, жүрек-қантамырлар ауруларына шалдыққан ер адамдар қабылдамауы керек. Дәрігерлер осындай аурулары бар пациенттерде сексуалды белсенділік кезінде жүрек-қантамырлар асқынуларының ықтимал қауіптерін ескеруі керек. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттердің келесі топтары клиникалық зерттеулерге енгізілмеген және тадалафил бұл топтарға қарсы көрсетілімде болып табылады: - соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктімен ауырған пациенттер, - тұрақсыз стенокардиясы бар болған немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болған пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша, жүрек функциясының ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі анықталған пациенттер, - жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотониясы (АҚ ˂90/50 мм с. б.) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер, - соңғы 6 ай ішінде инсультті бастан кешкен пациенттер. ТАДАЛЕКС® бұдан бұрын ФДЭ-5 (фосфодиэстераза-5) тежегішінің әсерімен байланысты екендігіне-еместігіне тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (NAION) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге қолдануға болмайды. Тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдауға болмайды, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына потенциалды түрде әкеп соғуы мүмкін.
Дозасы
Ересектер Әдетте, ұсынылатын дозасы болжамды сексуалдық белсенділіктің алдында, ас ішуге байланыссыз 10 мг құрайды. Егер 10 мг тадалафилді қабылдау қажетті реакцияны бермейтін болса, онда дозасын 20 мг тадалафилге дейін арттыруға болады. Препаратты болжамды сексуалдық белсенділікке дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек. Қабылдаудың ұсынылатын ең көп жиілігі - тәулігіне бір рет. 10 мг және 20 мг дозалардағы тадалафил болжамды сексуалдық белсенділікке дейін қабылдауға арналған және күн сайын қолдану ұсынылмайды. ТАДАЛЕКС® препаратын жиі (яғни, аптасына екі реттен сирек емес) қабылдауы күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің пікіріне сәйкес, тәулігіне бір рет ең аз дозасында қабылданатын қолайлы сызбасын жасауға болады. Ондай пациенттер үшін тәулігіне бір рет, тәуліктің шамамен белгілі бір уақытында 5 мг дозасы ұсынылады. Препаратты ұзақ уақыт бойы күнделікті қабылдаудың орындылығын жүйелі түрде бағалап отыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары дозасы 10 мг препаратты құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тадалафилдің бір реттік дозасы ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер ТАДАЛЕКС® препаратының ұсынылатын дозасы күтілетін сексуалдық белсенділіктің алдында, ас ішуге байланыссыз 10 мг құрайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерде тадалафилді қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректер шектеулі. Бұл препарат тағайындалған жағдайда, емдеуші дәрігер пайдасы мен қаупінің арақатынасына жекелей мұқият бағалауды негізге алуы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда тадалафилдің 10 мг асатын дозаларда қабылдануы жөніндегі деректер жоқ. Тадалафилді тәулігіне бір рет қабылдау режимі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген, сондықтан осы препаратты тағайындаған жағдайда емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жеке бағалаудан бастауы тиіс. Диабетке шалдыққан пациенттер Диабетке шалдыққан пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Балалар Тадалафил балаларда эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ас ішуге байланыссыз, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.