+475 бонус

ТАБЕКС 1,5 мг №100 таб

9500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цитизин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Софарма АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – цитизин 1.5 мг (100 % затқа шаққанда), қосымша заттар – ұнтақты целлюлоза, кальций сульфат дигидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. үлбірлі қабық: Опадрай ІІ қоңыр 85G 265001 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, тальк, лецитин, темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
Созылмалы никотинизм (темекіге құмарлық) – темекі шегуді қойғызу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезде жақында болған миокард инфарктісі - тұрақсыз стенокардия - жүректің клиникалық елеулі аритмиясы - таяуда өткерген инсульт - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препарат төмендегі сызба бойынша қолданылады: 1-ден 3 күнге дейін - 1 таблеткадан әрбір 2 сағат сайын (күніне 6 таблетка). Осы күндер ішінде шегетін шылым саны біртіндеп азая бастауы күтіледі. Әсері жақсы болғанда емдеуді төмендегі сызба бойынша жалғастырады: 4-тен 12 күнге дейін – 1 таблеткадан 2,5 сағат сайын (күніне 5 таблетка); 13-тен 16 күнге дейін – 1 таблеткадан 3 сағат сайын (күніне 4 таблетка); 17-ден 20 күнге дейін – 1 таблеткадан 5 сағат сайын (күніне 3 таблетка); 21-ден 25 күнге дейін – күніне 1-2 таблеткадан. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа толмаған адамдарда цитизиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 18 жасқа дейінгі адамдарға қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, цитизинді 65 жастан асқан егде жастағы пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Табексті қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің осы популяциясында қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды ішке тұтастай, жеткілікті су мөлшерін іше отырып, қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы – сызба бойынша.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.