+60 бонус

СУПРАФЕН 400 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Атабай Илач Фабрика А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат-ибупрофен 400 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200) Шеффкоат Бриллиантты - қызғылт үлбірлі жабыны: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), глицерин триацетині/триацетаты, эритрозин алюминий лагы (Е127)
Қолданылуы
Супрафен ревматизмдік немесе бұлшықет ауырулары, арқаның ауыруы, невралгия, бас сақинасы, бас ауыруы, тіс ауыруы, дисменорея, қызбалы жағдай, суық тию және тұмау кезінде ауырсынуларды жеңілдетуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты бронх демікпесі, ринит және есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы - анамнезінде алдыңғы ҚҚСП еміне байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы. Бұл пациенттерде ҚҚСП ауыр және сирек жағдайларда өлімге әкелетін анафилактоидты реакциялар туғызуы мүмкін. Ибупрофенді белсенді ойықжаралы колит, Крон ауруы, қайталанатын пептидтік ойықжара немесе асқазан-ішектен қан кету (расталған ойықжараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жекелеген эпизодтары) болған пациенттерде қолдануға болмайды - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - елеулі сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдаудан туындаған) - цереброваскулярлық немесе басқа қарқынды қан кету - қан өндірудің этиологиясы белгісіз бұзылуы - жүктіліктің үшінші триместрі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Препарат тек қысқа мерзімді пероральді қолдануға арналған. Симптомдарды жеңілдету үшін ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану керек. Ересектер және егде жастағы пациенттер Егер аурудың симптомдары сақталса немесе өршісе немесе препаратты 10 күннен артық қабылдау қажет болса, дәрігермен кеңесу керек. Ұсынылатын доза 1 таблеткадан сумен бірге тәулігіне үш ретке дейінді құрайды, қажет болған жағдайда. Қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. 24 сағат ішінде 3 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар СУПРАФЕН препараты құрамында балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға тыйым салынған эритрозин алюминий лагы бояғышы (Е 127) болуына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) аса сақтықпен қолдану керек, өйткені олар жағымсыз құбылыстардың дамуына бейімірек келеді. Қажетті клиникалық бақылауға үйлесетін ең аз дозаны қолдану керек. Емдеуді үнемі қайта қарап, егер әсері байқалмаса немесе жақпаушылық туындаса, тоқтату керек. Бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету қажет емес (бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін “Қолдануға болмайтын жағдайлар” бөлімін қараңыз). Бауыр  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету қажет емес (бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін “Қолдануға болмайтын жағдайлар” бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды көп мөлшерде сумен ішіп, жұту керек. Ауыз қуысындағы жайсыздық пен тамақтың тітіркенуін болдырмау үшін, дұрысы тамақтанғаннан кейін, таблеткаларды тұтас қалпында, шайнамай, сындырмай, жаншып немесе сормай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.