+74 бонус

СУМАМОКС 500 мг №3 таб

1490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты 524.0 мг (азитромицин негізіне баламалы) 500.00 мг, қосымша заттар: крахмал, паста түріндегі крахмал, кальций фосфаты, тальк, магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармеллозасы, поливинилпирролидон К-30, қабығының құрамы: ақ табкоат: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Азитромицин, азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туғызған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - бронхитте - ауруханадан тыс пневмонияда - синуситте - фарингитте/тонзиллите - ортаңғы отитте - тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудырған, асқынбаған жыныстық инфекцияларда Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалануға қатысты ресми нұсқаулықты ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге және макролидтер тобының кез келген басқа антибиотигіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
Дозасы
Сумамокс препаратын бір реттік тәуліктік доза түрінде қабылдау керек. Дене салмағы 45 кг-ден асатын балалар мен ересектерге, сонымен қатар егде жастағы пациенттерге Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн бойы күніне 1 рет 500 мг-ден қабылдау керек. Chlamydia trachomatis тудырған, жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары кезінде, дозасы бір реттік пероральді доза түріндегі 1000 мг құрайды. Neisseria gonorrhoeae-ға сезімталдар үшін ұсынылатын дозасы емдеу жөніндегі жергілікті клиникалық нұсқауларға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріккен 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Балалар Дене салмағы 45 кг-ге дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, бауырдың ауыр ауруларынан зардап шегіп жүрген пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауырығы жеңіл және орташа дәрежелі (ШСЖ 10 - 80 мл / мин) жеткіліксіздігімен пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Азитромицинді бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерге тағайындаған кезде сақтық таныту керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолданылады. Көптеген басқа антибиотиктер сияқты азитромицинді тамақтанудан кем дегенде 1 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.