+65 бонус

СУМАМОКС 200 мг/5 мл 8 мл суспен.

1300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 5 мл суспензия құрамында 100 мг / 5 мл 200 мг / 5 мл белсенді зат – азитромицин дигидраты 104.82 мг 209.625 мг (азитромицинге баламалы (100.0 мг) (200.0 мг) қосымша заттар: сахароза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, ксантан шайыры, үш негізді натрий фосфат додекагидраты, натрий лаурилсульфаты, натрий бензоаты, натрий хлориді, Понсо 4R, шие хош иістендіргіші, коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
ДП ересектерде, 6 айдан бастап балаларда, жасөспірімдерде қолдануға көрсетілген Азитромицин, пероральді суспензияға арналған ұнтақ азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туғызған келесі инфекцияларды емдеуге арналған: - бронхит - ауруханадан тыс пневмония - синусит - фарингит, тонзиллит - жедел бактериялық ортаңғы отит - тері және жұмсақ тіндер инфекциялары - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туғызған асқынбаған гениталий инфекциялары. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалануға қатысты ресми нұсқаулықты ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге және макролидтер тобының кез келген басқа антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Пероральді суспензия түріндегі препарат тәулігіне 1 рет ас ішуден 1 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылданады. Дене салмағы 45 кг-ден көп балалар және ересектер, егде жастағы пациенттерді қоса Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн бойы (күніне бір рет 500 мг) қабылдау керек. Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған гениталий инфекцияларында доза бір реттік пероральді доза түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза емдеу бойынша жергілікті клиникалық нұсқауларға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріккен 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдықтан зардап шегіп жүрген пациенттер бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалануға қатысты ресми нұсқаулықты ескеру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларға арналған ең жоғары бір реттік және тәуліктік дозалары жасын, дене салмағын ескерумен көрсетіледі. Салмағы 45 кг дейінгі балаларға – 3 күн бойы бір реттік тәуліктік дозасы түрінде 10 мг/кг. 6 айға толмаған балаларда қолдану туралы ақпарат жоқ. Препарат дозасын препаратқа қоса берілетін дозалау шприцін немесе өлшегіш қасықты пайдаланып өлшеу қажет (бала салмағы 15 кг дейін болса, дозалау шприцін; салмағы 15 кг-ден көп болса – өлшегіш қасықты қолдану керек). 15-25 кг дейінгі (3-7 жас) балаларға: 5 мл (200 мг) 1 х 5 мл қасық, 3 күн бойы күніне бір рет. 26-35 кг дейінгі (8-11 жас) балаларға: 7,5 мл (300 мг) 1 х 7,5 мл қасық, 3 күн бойы күніне бір рет. 36-45 кг дейінгі (12-14 жас) балаларға: 10 мл (400 мг) 1 х 10 мл қасық, 3 күн бойы күніне бір рет. 45 кг-ден артық салмаққа дейінгі балаларға: ересектерге арналған доза. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге ересектердегідей дозасы тағайындалады. Егде жастағы пациенттер арасында проаритмогенді жай-күйлер болуы мүмкін, сондықтан жүрек аритмиясының және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның даму қаупіне орай, препаратты сақтықпен қолданады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Азитромициннің бауыр функциясына әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілмеген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ 10-80 мл/мин) бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Азитромицин бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл/мин) пациенттерге тағайындалғанда сақ болу керек. Енгізу әдісі және жолы Сумамокс тек пероральді қолдануға арналған. Суспензияны дайындау тәсілі Алдымен құтыны жақсылап сілкіп ұнтақты қопсыту, одан кейін 5 мл суспензияда құрамында 100 мг немесе 200 мг азитромицин бар суспензияның 4 дозасын алу үшін құтының таңбасына (20 мл) дейін жаңадан қайнап суытылған су қосу керек. Құтының ішіндегісін біркелкі гомогенді суспензия түзілгенше мұқият шайқау керек. Дайындаудан кейін қызғылт түсті суспензия алынады. Тұтынар алдында Сумамокс суспензиясын шайқау керек. Суспензияны пероральді қолдануға арналған PE/PP шприцін пайдаланып енгізуге болады. Суспензияны қабылдаудан кейін, ауыз қуысында қалған суспензия мөлшерін шайып және жұтып жіберу үшін аздаған мөлшерде су ішу керек. Сумамокс суспензиясын дайындағаннан кейін 5 күн ішінде пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.