+226 бонус

СУМАМИГРЕН 100 мг №2 таб

4530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Суматриптан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Фармацевтический завод Польфарма АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 70 мг және 140 мг суматриптан сукцинаты (50 мг және 100 мг суматриптанға баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы қабық: гипромелоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтил цитраты, кошенилді қызыл бояғыш (Е124) (50 мг доза үшін).
Қолданылуы
Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу. Сумамигренді бас сақинасы диагнозы күмән тудырмаған жағдайда ғана қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
суматриптанға немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, Принцметал стенокардиясы, инфаркттен кейінгі жағдай) және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары ми қан айналымының бұзылуы (ми инсульті, мидың өткінші ишемиясы) шеткері қан айналымының бұзылуы бақыланбайтын гипертензия, орташа және ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді моноаминоксидаза тежегіштерімен емдеуден кейін 14 күн өткен соң қолдануға болады) құрамында эрготамин немесе оның туындылары, мысалы, дигидроэрготамин және метисергид бар дәрілік заттармен немесе 5-HT1 рецепторларының агонистері тобынан басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді құрамында эрготамин немесе оның туындылары бар препараттармен емдегеннен кейін 24 сағат өткен соң қолдануға болады) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі эпилепсия балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Сумамигрен бас сақинасын мерзімді шұғыл емдеуге арналған. Оны профилактикалық мақсатта қолданбаған жөн. Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын арттыруға болмайды. Сумамигрен препаратын бас сақинасы басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, бірақ ол аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді. Сумамигрен препаратының пероральді қолдану үшін ұсынылатын дозасы - 50 мг-нан 1 таблетка. Кейбір пациенттерге 25 мг немесе 100 мг қажет болуы мүмкін. Егер пациент бірінші дозаны қабылдағаннан кейін жақсарғанын сезінсе, бірақ содан кейін симптомдар қайта басталса, оның қабылдауының арасында кемінде 2 сағат өткен жағдайда екінші дозаны қабылдауына болады. 24 сағат ішінде 300 мг артық қабылдауға болмайды. Егер Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын қабылдағаннан кейін жақсару байқалмаса, пациент осы ұстаманы тоқтату үшін екінші дозаны қабылдамауы тиіс. Мұндай жағдайларда ұстаманы тоқтату үшін парацетамол, ацетилсалицил қышқылы немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолдануға болады. Алайда, Сумамигренді кейінгі ұстамаларды тоқтату үшін қолдануға болады. Сумамигрен бас сақинасының ұстамасын тоқтату үшін монотерапия ретінде ұсынылады, оны эрготаминмен немесе оның туындыларымен (метисергидті қоса) бір мезгілде тағайындауға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер 10 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Осы жас тобында препаратты қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. 10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі осы жас тобындағы клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. Сондықтан препаратты 10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер 65 жастан асқан пациенттерде Сумамигрен препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Осы жас тобындағы препараттың фармакокинетикасы жас адамдарда фармакокинетикадан айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ қосымша клиникалық деректер пайда болғанға дейін, 65 жастан асқан пациенттерге Сумамигрен препаратын тағайындау ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.