+290 бонус

СУМАМЕД ФОРТЕ 200 мг/5 мл 37,5 мл сусп

5800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - азитромицин (азитромицин дигидраты түрінде) 600 мг (15 мл көлемі үшін), 1200 мг (30 мл көлемі үшін), 1500 мг ( 37,5 мл көлемі үшін). қосымша заттар: сахароза, сусыз натрий фосфаты, гидроксипропилцелюлоза, ксантан шайыры, сусыз коллоидты кремний қостотығы, шие хош иістендіргіші, банан хош иістендіргіші және ваниль хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Сумамед ® форте азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі жұқпалы ауруларды емдеу үшін тағайындалады: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ережелерді назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидтік және кетолидтік антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - лактация кезеңі - сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахаразо-изомальтазалық жеткіліксіздік аурулары
Дозасы
Сумамед ® форте пероральді суспензия түрінде тәулігіне бір рет қабылданады, тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритеманы қоспағанда) емдегенде азитромициннің жиынтық дозасы 30 мг/кг құрайды, оны 3 күн бойы (10 мг/кг тәулігіне 1 рет) қабылдау қажет: Дене салмағы Сумамед®форте 200 мг/5 мл пероральді суспензия дайындауға арналған ұнтақ 10-14 кг 2.5 мл (100 мг) 15-25 кг 5 мл (200 мг) 25-34 кг 7.5 мл (300 мг) 35-44 кг 10 мл (400 мг) ≥ 45 кг 12.5 мл (500 мг) Балалардағы стрептококктық фарингитті 3 күн бойына азитромициннің 10 мг/кг немесе 20 мг/кг бір реттік дозасымен емдеудің тиімділігі анықталды. Алайда, Streptococcus pyogenes туындатқан фарингиттің және салдарлы ауру ретінде дамитын ревматизмдік полиартриттің профилактикасында әдетте таңдалатын препарат пенициллин болып табылады. Көшпелі эритеманы емдеу кезінде азитромициннің жиынтық дозасы осындай дозалау схемасымен 60 мг/кг құрайды: 1-ші күні 20 мг/кг, содан кейін 10 мг/кг тәулігіне 1 рет. Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйректің елеусіз дисфункциясы бар пациенттерге (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажеттігі жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге (ШСЖ <10 мл/мин) азитромицинді сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі. Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты ауыр бауыр ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Азитромициннің бауыр қызметіне әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге де ересектерге арналған дозаны тағайындайды. Егде жастағы пациенттер арасында проаритмогендік жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан препаратты жүрек аритмиясы және екі бағытты тахикардия даму қаупіне байланысты сақтықпен қолданады. Суспензия дайындау әдісі Суспензияны дайындау үшін Сумамед ® форте ұнтағы бар құтыға дистилденген немесе салқын қайнаған суды (ыстық емес!) қосу қажет. 15 мл суспензияны дайындау үшін: шприцтің көмегімен 9,5 мл суды өлшеп, біртіндеп құтыға қосады және біртекті суспензия алынғанша мұқият араластырады. Еріткеннен кейін ұнтақ тұрған құтыда қосымша 5 мл суспензия (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 25 мл Сумамед® форте суспензиясы алынады. 30 мл суспензияны дайындау үшін: шприцтің көмегімен 16,5 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және біртекті суспензия алынғанша мұқият араластырады. Ерігеннен кейін ұнтағы бар құтыда қосымша 5 мл суспензия болады (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 35 мл Сумамед® форте суспензиясы алынады. 37,5 мл суспензияны дайындау үшін: шприцтің көмегімен 20 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және біртекті суспензия алынғанша мұқият араластырады. Ерігеннен кейін ұнтағы бар құтыда қосымша 5 мл суспензия болады (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 42,5 мл Сумамед® форте суспензиясы алынады. Әр қабылдау алдында құтының ішіндегісін біртекті суспензия алынғанға дейін мұқият шайқайды. Дозалауға арналған шприцті пайдаланғанда, қажетті дозаны алғаннан кейін ауа көпіршіктерінің жоқтығына көз жеткізіңіз. Суспензияны қабылдағаннан кейін балаға суспензияның ауыз қуысында қалған мөлшерін шайып және жұтып жіберу үшін, бірден бірнеше жұтым су ішкізеді. Пайдаланылған шприцті бөлшектеңіз, оларды су ағынымен жуыңыз және дәрілік препаратпен құрғақ және таза жерде сақтаңыз. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.