+167 бонус

СУМАМЕД 500 мг №3 таб Азитромицин

3350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 524.109* мг азитромицин дигидраты (*500 мг азитромицинге баламалы), қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, гипромеллоза 15 мПа·с, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, қабықшаның құрамы: гипромеллоза 3 мПа·с, титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е 132), полисорбат 80, тальк.
Қолданылуы
Сумамед® азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі жұқпалы ауруларды емдеу үшін тағайындалады: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ережелерді назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидтік және кетолидтік антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - 18 жасқа дейінгі балалар (бояғыштың болуына байланысты) - лактация кезеңі - сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахаразо-изомальтазалық жеткіліксіздік аурулары.
Дозасы
Дозалау Егде пациенттерді қоса, ересектер Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритеманы қоспағанда) емдегенде азитромициннің жиынтық дозасы 1500 мг құрайды, оны 3 күн бойы (500 мг күніне 1 рет) қабылдау қажет. Chlamydia trachomatis туындаған жыныстық мүшелердің асқынбаған инфекциялары кезінде доза бір реттік пероральді доза түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу бойынша жергілікті ұсынымдарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірімдегі 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін дәрілік затты тағайындайтын адамдар емдеу бойынша жергілікті ұсынымдарға жүгінуі керек. Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйректің елеусіз дисфункциясы бар пациенттерге (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажеттігі жоқ. Бүйректің елеусіз дисфункциясы бар пациенттерге (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажеттігі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі. Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты ауыр бауыр ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Азитромициннің бауыр қызметіне әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге де ересектерге арналған дозаны тағайындайды. Егде пациенттер арасында проаритмогенді жай-күй болуы мүмкін, сондықтан препаратты жүрек аритмиясы және қос бағыттағы тахикардия даму қаупі болғандықтан сақтықпен қолданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.