+123 бонус

СУМАМЕД 500 мг №3 дис. таб

2470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 262.055* мг азитромицин дигидраты (250 мг азитромицинге баламалы), 524.109* мг азитромицин дигидраты (500 мг азитромицинге баламалы), 1048.218* мг азитромицин дигидраты (1000 мг азитромицинге баламалы) қосымша заттар: натрий сахарин дигидрат түрі, микрокристалды целлюлоза (101), микрокристалды целлюлоза (102), кросповидон А типі, повидон, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, хош иістендіргіш, аспартам.
Қолданылуы
Сумамед® азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туғызған келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін тағайындалады: - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса; - төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса; - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары; - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туғызған жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындағанда бактерияға қарсы препараттарды талапқа сай қолдану жөніндегі ресми ережелер ескерілу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидті және кетолидті антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - лактация кезеңі - сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылық аурулары, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахараза-изомальтазалық жеткіліксіздік - құрамында фенилаланин болуына байланысты фенилкетонурия бар пациенттер
Дозасы
Сумамед® ұсақталатын таблеткаларын бір реттік тәуліктік доза түрінде қолдану керек. Әртүрлі инфекциялық ауруларды емдеу ұзақтығы төменде келтіріледі. Дене салмағы 45 кг және одан жоғары ересектер, балалар және жасөспірімдер: Жалпы курстық доза 1500 мг, тәуліктік - 3 күн бойы күніне бір рет 500 мг құрайды. 1500 мг жалпы курстық дозаны 5 күн ішінде қабылдауға болады – бірінші күні бір реттік доза түрінде 500 мг, келесі күндері - 5 күнге дейін тәулігіне бір рет 250 мг. Chlamydia trachomatis тудырған жыныс жолымен берілетін асқынбаған ауруларды емдегенде 1 г мөлшеріне тең бір реттік доза тағайындалады. Neisseria gonorrhoeae сезімталдарына ұсынылатын доза - клиникалық емдеу жөніндегі жергілікті нұсқауларға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттер үшін дәрілік затты тағайындайтын тұлғалар емдеу жөніндегі жергілікті нұсқауларға жүгінуі тиіс. Көшпелі эритеманы емдегенде азитромициннің жалпы курстық дозасы 3 г құрайды. Бұл ретте емдеу сызбасы мынадай: 1 күн - 1 г, 2 күннен бастап - күніне 500 мг-ден 5 күнге дейін. Дене салмағы 45 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдер: ұсынылатын доза 3 күн бойы бір реттік доза түрінде 10 мг/кг/тәулік құрайды (ең жоғары тәуліктік доза 30 мг/кг). Жалпы курстық дозаны 5 күнге бөлуге болады; бұл ретте бірінші күні препарат 10 мг/кг дозада, ал келесі төрт күнде – 5 мг/кг/тәулік дозада қолданылады. Балалардағы жалпы курстық дозаның ең жоғары шамасы 1500 мг құрайды. Белгілі бір дене салмағы бар балаларда дұрыс дозалауды қамтамасыз ету үшін препараттың басқа дәрілік нысандары қолайлылау. Егде жастағы тұлғалар: Егде жастағы адамдарда ересектердегі сияқты доза қолданылады. Егде жастағы пациенттер арасында жүрек аритмияларына бейімділік жиі білінетіндіктен, жүрек аритмиялары мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындау қаупіне орай ерекше сақ болу қажет. Бүйрек функциясының бұзылулары: Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар (ШСЖ 10-80 мл/мин) пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (ШСЖ < 10 мл/мин) бар пациенттерде азитромицинді тағайындау кезінде сақ болу қажет. Бауыр функциясының бұзылулары: Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Азитромицин бауырда метаболизденіп, өтпен шығарылатындықтан, күрделі бауыр аурулары бар пациенттерде азитромицин сақтықпен қолданылу керек. Пациенттердің осы санаттарында азитромицинді қолдану жөнінде зерттеулер жүргізілмеген. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы жоғары дисперсиялық суспензия алынғанша араластырып, жеткілікті көлемде (кемінде 30 мл) сұйықтықта (су, алма немесе апельсин шырыны) еріту керек. Пациент алынған суспензияны жұтқаннан кейін ыдыс қабырғаларындағы қалдықтар аз су көлемінде қайта ерітуге жатады, алынған ерітіндіні жұтып қою қажет. Ерітілген таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар Егер Сізде Сумамед® препаратын қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар болса, оларды Өз емдеуші дәрігеріңізбен талқылаңыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Сумамед® жағымдылығы жақсы, ал оны қолдану жағымсыз әсерлерінің төмен жиілігімен байланысты. Өте жиі: - диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, метеоризм Жиі: - анорексия - бас айналу, бас ауыру, парестезия, дисгевзия - көрудің бұзылуы - кереңдік - құсу, диспепсия - қышыну, бөртпе - артралгия - шаршау - лимфоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер санының көбеюі, қандағы бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі Жиі емес: - кандидоз, ауыз ішіндегі кандидоз, қынаптық инфекция - лейкопения, нейтропения - ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық - күйгелектік - гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық - естудің бұзылуы, тинниттер - жүректің жиі соғуы - гастрит, іш қату - гепатиттер - Стивенс-Джонсон синдромы, жарыққа сезімталдық реакциясы, есекжем - кеуде қуысының ауыруы, ісіну, жалпы дімкәстану сезімі, астения - аспартат-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аланин-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің бұзылуы Сирек: - қозу күйі - вертиго - бауыр функциясының бұзылуы - жедел жайылған экзентематозды пустулез (AGEP)* - эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS) болатын дәрілік реакция* Белгісіз - жалған жарғақшалы колит - тромбоцитопения, гемолиздік анемия - анафилаксиялық реакция - озбырлық, мазасыздық - естен тану, құрысулар, гипестезия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия, агевзия, параосмия, миастения гравис - екі бағытты тахикардия, аритмия, қарыншалық тахикардияны қоса - гипотензия - панкреатиттер, тілдің шырышты қабығы түсінің өзгеруі - өлімге сирек әкелетін бауыр жеткіліксіздігі, шұғыл дамитын гепатит, некрозды гепатит, холестаздық сарғаю - уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема - жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит - электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.