+172 бонус

СУМАМЕД 250 мг №6 капс

3440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 262.05* мг азитромицин дигидраты (*250 мг азитромицинге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, капсуланың корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е171), индиготин (Е132), капсула қақпағы: желатин, титанның қостотығы (E171), индиготин (E132).
Қолданылуы
Сумамед® азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі жұқпалы ауруларды емдеу үшін тағайындалады: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ережелерді назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, макролидтер немесе кетолидтер тобының кез келген антибиотигіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне белгілі жоғары сезімталдығы бар пациенттерге - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - 18 жасқа дейінгі балалар (бояғыштың болуына байланысты) - лактация кезеңі - сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахаразо-изомальтазалық жеткіліксіздік аурулары.
Дозасы
Сумамед® 250 мг қатты капсулалары күніне бір рет қабылданады. Капсулаларды тұтастай жұту керек. Сумамед ® капсулаларын тамақтан бір сағат бұрын немесе тамақтан кейін екі сағаттан кейін қабылдау керек. Дозалау Егде пациенттерді қоса, ересектер Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн ішінде қабылдау керек (күніне бір рет 500 мг). Chlamydia trachomatis тудырған жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекцияларында доза бір реттік пероральді доза түрінде 1000 мг құрайды. Neisseria gonorrhoeae қабылдағыштар үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу жөніндегі жергілікті ұсынымдарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Препаратты пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиялық реакциясы бар пациенттерге тағайындаған кезде емдеуші дәрігер емдеу жөніндегі жергілікті ұсынымдарға жүгінуі қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде (ШСЖ 10-80 мл/мин) препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр бұзылулары бар пациенттерде азитромицинді қолданғанда сақ болу керек (ШСЖ <10 мл/мин). Бауыр жеткіліксіздігі. Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге препаратты қолданбау керек. Азитромициннің бауыр қызметіне әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге де ересектерге арналған дозаны тағайындайды. Егде жастағы пациенттер арасында проаритмогендік жағдайлар болуы мүмкін, бұл жағдайларда препаратты жүрек аритмиясы мен екі бағытты тахикардияның даму қаупіне байланысты сақтықпен қолданады. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.