+167 бонус

СУЛИПОН 600 мг 50 мл

3355 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиоктовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – 600 мг тиокт (альфа-липой) қышқылы бар; қосымша заттар: трометамол, натрий хлориді, трометамолдың 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектердегі шеткергі (сенсомоторлы) диабеттік полинейропатия симптомдарын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Ұсынылатын доза: тәулігіне 1 рет 50 мл ерітінді (бұл 600 мг тиокт қышқылына баламалы). Бастапқы кезеңде емдеу ұзақтығы 2-4 аптаны құрайды. Кейіннен тәулігіне 300-600 мг дозада тиокт қышқылының пероральді қабылдауға арналған дәрілік түрлерімен демеуші емге ауысады. Диабеттік полинейропатияны емдеудің негізі қант диабетін тиісті емдеу болып табылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер Балалар мен жасөспірімдерге бұл препаратты тағайындауға болмайды, себебі осы жас тобында клиникалық қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Енгізу әдісі мен жолы Сулипонды вена ішіне баяу енгізу қажет (тиокт қышқылын енгізу жылдамдығы минутына 50 мг, яғни минутына 4,2 мл ерітіндіден аспауы тиіс). Сулипонды инфузоматтың көмегімен енгізуге болады, бұл жағдайда вена ішіне инфузия уақыты 12 минуттан кем болмауы тиіс. Ерітіндісі бар құтыны қораптан тікелей қолданар алдында алу керек, себебі әсер етуші зат жарыққа сезімтал болып табылады. Инфузияны қара түсті полиэтиленнен жасалған жарықтан қорғайтын сауытқа салынатын құтыдан тікелей жүргізеді. Вена ішілік инфузия ерітіндіге қоса берілетін немесе басқа стандартты инфузиялық жинақты пайдалана отырып орындалуы тиіс. Инфузия уақытының кемінде 12 минутты құрайтынын мұқият бақылау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.