СУЛЬФАРГИН 1% 50 г мазь

3490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сульфадиазин серебра
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында белсенді зат – күміс сульфадиазині 10 мг, қосымша заттар: вазелин майы, пропиленгликоль, цетостеарил спирті, глицерил моностеараты 40-55, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су 1 г-ге дейін.
Қолданылуы
- инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу және профилактика - инфекция жұқтырған терінің трофикалық ойық жаралары және тесілулер (кешенді ем құрамында) - тері трансплантаттарының донорларында және ауқымды сыдырылулары бар пациенттерде инфекция жұқтыру профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- күміс сульфадиазиніне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық (мысалы, сульфадиметоксин, сульфадимезин, уросульфан, сульфацил, норсульфазол, сульфадиазин, сульфален) - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығы: кең аумақты беткейде қолданған кезде гемолиз туындауы мүмкін - ядролық сарғаюдың туындау қаупіне байланысты кіші жастағы балалар (жаңа туған нәресте, 3 айға дейін), шала туған балалар - жүктілік және бала емізу кезеңі - терең іріңді жараларда және  экссудациясы мол күйік жараларын емдеу үшін қолдану орынсыз
Дозасы
Ересектер мен балалар (3 айдан асқан жаста): некрозды тіндерді алып тастағаннан кейін жақпамай зақымданған беткейге жұқа қабатпен (2 4 мм) күніне 1-2 рет стерильді таңғышпен немесе ашық әдіспен жағады. Жақпамайды зақымданған беткейге төсейтін стерильді таңғышқа да жағуға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 300 г. Жақпамайды кең аумақты беткейге қолданған кезде бауыр мен бүйрек функциясына және қанда формалы элементтердің болуына бақылау жасау керек. Пациентке молынан сілтілі су беру керек. Балаларда қолдану Күміс сульфадиазинін шала туған балалар мен 3 айға дейінгі жастағы балаларға қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайларды қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы – 3 аптаға дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.