+325 бонус

СТУГЕРОН 25мг №50 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
6500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Циннаризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер,Венгрия
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 25 мг циннаризин қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, магний стеараты, повидон, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Бас айналу, құлақтың шуылдауы, жүрек айну, құсу сияқты Меньер ауруы кезінде туындайтын вестибулярлық бұзылулардың профилактикасында және емдеуде Қозғалыс кезіндегі бас айналу профилактикасында және емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық. 6 жасқа дейінгі балаларға. Галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге.
Дозасы
Вестибулярлық бұзылулар Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 1 таблеткадан күніне 3 рет. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 1/2 таблеткадан (12,5 мг) күніне 3 рет. Ұсынылатын дозадан асырмау керек. Қозғалыс кезіндегі бас айналу Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: сапарға дейін 2 сағат бұрын 1 таблеткадан, одан әрі сапар бойына әрбір 8 сағат сайын 1/2 таблеткадан (2,5 мг). 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: сапарға дейін 2 сағат бұрын 1/2 таблеткадан (12,5 мг) (бұл препаратты пайдалану суйемелдеуші дозаны қамтамасыз ете алмайды). Егде жастағы пациенттер: ұсынылған дозалау режимі ересектерге арналған дозамен сәйкес Бауыр функциясының бұзылулары: деректер жоқ. Бүйрек функциясының бұзылулары: деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Стугерон препараты тамақтан кейін қабылданғаны дұрыс. Таблетканы екі бірдей бөлікке бөлуге болады. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар Симптомдары Ұйқышылдықтан бастап тежелуге және комаға дейін санадағы өзгерістер, құсу, экстрапирамидтік симптомдар және гипотензия. Аздаған жас балаларда құрысулар дамыды. Көптеген жағдайларда клиникалық салдары ауыр болған жоқ, бірақ өлімге әкелетін артық дозалануы тек циннаризин қабылдаған кезде де, басқа препараттармен бірге цинаризин қабылдаған кезде де болған. Емі Спецификалық антидоты жоқ. Кез келген артық дозалану кезінде симптоматикалық және демеуші ем жүргізу ұсынылады. Қажет болған жағдайда, белсендірілген көмір тағайындауға болады. Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған кезде дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу қажет ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар Жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін) ұйқышылдық; жүрек айнуы; дене салмағының артуы. Жиі емес ( ≥1/1 000-нан <1/100 дейін) патологиялық ұйқышылдық, летаргия; асқазандағы жайсыздық, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауруы, диспепсия; гипергидроз; қажу. Өте сирек (<1/10 000) дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыстар, паркинсонизм, тремор; лихеноидтық кератоз, жалпақ теміреткі, қызыл жегі тәрізді реакциялар; бұлшықет сіресуі. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.