+150 бонус

СТОПРЕСС ИНДА 8мг+2,5мг №30 таб

3010 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: периндоприл трет-бутиламин (100 % затқа шаққанда) 8.000 мг және индапамид 2.500 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, кросповидон, натрий гидрокарбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
Бір мезгілде сондай дозада қабылданатын периндоприлмен және индапамидпен бақылауда жүрген пациенттерде эссенциалдық артериялық гипертензияны емдеу үшін алмастырушы препарат ретінде қолданылады
Қарсы көрсетілімдер
Стопресс Инда препаратымен байланысты: әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық Емдік тәжірибенің жеткіліксіздігіне байланысты, Стопресс Инданы мыналарға тағайындамау керек: диализде жүрген пациенттерге декомпенсация сатысындағы емделмеген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Периндоприлмен байланысты: әсер етуші затқа немесе АӨФ басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық анамнезде АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) пациенттерде Стопресс Инданы алискиренге негізделген препараттармен бір мезгілде қолдану сакубитрилмен/валсартанмен емдеуде бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Стопресс Инда препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емшаралар бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе қызмет атқарып тұрған жалғыз бүйрек артериясының стенозы Индапамидпен байланысты: әсер етуші затқа немесе басқа сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі минутына 60 мл-ден төмен) бауыр энцефалопатиясы бауыр функциясының ауыр бұзылуы гипокалиемия
Дозасы
Стопресс Инда бір таблеткасы, 8мг+2.5 мг тәулігіне бір рет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Стопресс Инда препаратының балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Стопресс Инданы балалар мен жасөспірімдерге тағайындауға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшерінің көрсеткіштерін жасы, дене салмағы және жынысы ескеріле отырып түзетеді. Емдеуді қалыпты бүйрек функциясы кезінде және артериялық қысым тарапынан емге жауап беруді ескере отырып бастаған жөн. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауыр функциясының ауыр бұзылуында қолдануға болмайды. Орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Орташа және ауыр дәрежеде бүйрек функциясының бұзылуы кезінде (креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен) препаратты қолдануға болмайды. Келесі бақылау кезінде креатинин мен калий деңгейін жиі бақылау қажет. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәулігіне бір рет, дұрысы таңертеңгі астың алдында.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.