+100 бонус

СТОПРЕСС ИНДА 2мг+0.625мг №30 таб

2000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: периндоприл трет-бутиламин (100 % затқа шаққанда) 2.0 мг, 4.0 мг, индапамид (100 % затқа шаққанда) 0.625 мг, 1.250 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, кросповидон, натрий гидрокарбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
эссенциялық артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
Периндоприлмен байланысты: периндоприлге немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне аса жоғары сезімталдық анамнездегі АӨФ тежегіштерімен ем аясында болған ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрлері қантты диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану сакубитрил/валсартан біріктірілген еммен бір мезгілде қолдану. Стопресс Инда препаратын сакубитрил/валсартанды соңғы қабылдаудан кейін 36 сағат өтпей қабылдауға болмайды қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу бүйрек артериясының екі жақты айқын стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы Индапамидпен байланысты: индапамидке немесе кез келген басқа сульфонамидке аса жоғары сезімталдық бүйректің айқын жеткіліксіздігі (КК <30мл/мин) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бауыр энцефалопатиясы гипокалиемия Стопресс Индамен байланысты: әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гемодиализдегі пациенттер жүктілік және бала емізу кезеңі декомпенсацияланған емделмейтін жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасы
Стопресс Инда препараты күніне 1 таблеткадан, дұрысы, таңертең ас ішу алдында қабылданады. Дозаны әркімге жеке таңдау ұсынылады. Егер Стопресс Инда, 2 мг+0.625 мг таблеткаларын қабылдаған кезде артериялық қысым жеткілікті бақыланбаса, Стопресс Инда, 4 мг+1.25 мг таблеткаларын қабылдау керек. Егер бұл клиникалық тұрғыда орынды болса, монотерапиядан Стопресс Инда, 4 мг+1.25 мг таблеткаларына ауысуды қарастыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Стопресс Инда таблеткалары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды, сондықтан да периндоприлдің тиімділігі мен жағымдылығы монотерапияда немесе біріктірілімде анықталмады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшерінің көрсеткіштері жасына, салмағына және жынысына қарай түзетілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге препарат бүйрек функциясы сақталған жағдайда тағайындалады, осы орайда АҚ төмендеу дәрежесін бақылап отыру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Орташа айқын бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі (КК 30 мл/минуттан аз) пациенттерге қолдануға болмайды. Орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (КК 30-60 мл/мин) ең жоғары тәуліктік доза - күніне Стопресс Инда 2 мг+0.625 мг бір таблеткасы. КК ≥ 60 мл/мин пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Ұдайы мониторингтеу креатинин мен калий деңгейін мерзімді бақылауды қамтиды. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қабылдау. Таблеткаларды таңертең, тамақтанар алдында қабылдаған жөн. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.