+62 бонус

СТОПРЕСС 8 мг №30 таблетки

1250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО ПОЛЬФАРМА
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – периндоприл терт-бутиламинмен, 4 мг немесе 8 мг қосымша заттар – маннитол, кросповидон, магний стеараты, негізгі бутилметакрилат сополимері, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - жүректің cозылмалы жеткіліксіздігі - жүректің ишемиялық ауруы: анамнезінде миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризациядан кейінгі жай-күйі бар пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін төмендету Қолдану басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- периндоприлге, басқа АӨФ тежегіштеріне немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі АӨФ тежегіштерін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну - Стопресс препаратын және құрамында әсер етуші зат ретіндегі алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде қарсы көрсетілімді - сакубитрил/валсартан біріктірілімімен бір мезгілде қабылдау. Периндоприл қабылдауды сакубитрил мен валсартан біріктірілімінің соңғы дозасынан кейін 36 сағат өтуінен ерте бастауға болмайды - қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоральді ем - бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы
Дозасы
Дозаны пациент бейінін және артериялық қысым деңгейінің динамикасын есепке алып, әркімге жеке таңдау керек. Артериялық гипертензия Стопресс препаратын монотерапия түрінде немесе басқа кластардың гипотензиялық препараттарымен біріктірілімде пайдалануға болады. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет таңертеңгілік 4 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын белсенділенуі бар (әсіресе, реноваскулярлы гипертензиямен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен, жүрек қызметінің декомпенсациясымен немесе ауыр гипертензиямен) пациенттерде препараттың бастапқы дозасын қабылдаудан кейін артериялық қысымның күрт төмендеуі болуы мүмкін. Осындай пациенттерге бастапқы 2 мг доза ұсынылады, емдеуді дәрігердің бақылауымен бастаған дұрыс. Бір ай емделуден соң дозаны күніне бір рет 8 мг дейін арттыруға болады. Периндоприлмен емдеу басталған соң диуретиктермен қатарлас емделетін пациенттерде ықтималдығы жоғары клиникалық айқын гипотензия дамуы мүмкін. Ондай пациенттерге айналымдағы қан көлемінің болжамды төмендеуіне және/немесе электролиттер тапшылығына байланысты препаратты абайлап қабылдауға кеңес беріледі. Мүмкіндігінше, диуретиктерді периндоприлмен емдеудің басталуына дейін 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Диуретиктерді тоқтату мүмкін болмайтын гипертензиясы бар пациенттерде периндоприлмен емдеуді 2 мг дозадан бастаған жөн. Бүйрек функциясын және қандағы калий деңгейін бақылап отыру керек. Периндоприлдің келесі дозаларын артериялық қысым тарапынан болатын жауапқа сәйкес түзету керек. Қажет болса, диуретиктермен емдеуді жаңғыртуға болады. Егде жастағы пациенттерде емдеуді 2 мг дозадан бастаған жөн, оны ай өткенде 4 мг дейін, ал артынан, қажет болса, бүйрек функциясына қарай 8 мг дейін арттыруға болады (төмендегі кестені қараңыз). Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі Стопресс калий жинақтамайтын диуретиктер тағайындаумен және/немесе дигоксинмен және/немесе бета-блокаторлармен ара-тұра біріктіріледі; осындай жағдайларда препаратты таңертеңгілік ұсынылған бастапқы 2 мг дозада мұқият медициналық бақылаумен қабылдау керек. Жағымдылығы жақсы болса, кем дегенде, 2 апта өткенде бұл дозаны күніне бір рет 2 мг - 4 мг арттыруға болады. Дозаны таңдау нақты пациенттің клиникалық жауабына негізделуі тиіс. Жүректің ауыр жеткіліксіздігінде және жоғары қауіп тобындағы басқа да пациенттерде (бүйрек функциясының бұзылуы мен электролиттік бұзылуларға бейімділігі бар пациенттерде, диуретиктер және/немесе вазодилататорларды қатарлас қабылдағанда) емдеуді қалтқысыз медициналық бақылаумен бастау керек. Стопресс препаратымен емдеу басталғанша клиникалық айқын гипотензияның даму қаупі жоғары пациенттерде (яғни гипонатриемиямен/онсыз электролиттер жоғалтуы, гиповолемиясы бар пациенттерде немесе диуретиктермен қатарлас белсенді емделіп жүрген пациенттерде), мүмкіндігінше, осы жай-күйді түзету керек. Периндоприлмен емдеуге дейін және ем кезінде артериялық қысымды, бүйрек функциясын және сарысулық калий деңгейін бақылау керек. Жүректің ишемиялық ауруы Стопресс препаратын екі апта бойы күніне бір рет 4 мг дозада тағайындап, артынан дозаны күніне бір рет 8 мг дейін арттыру керек (бүйрек функциясына қарай және 4 мг дозаның жағымдылығы жақсы болған жағдайда). Егде жастағы пациенттерге бүйрек функциясына қарай («Бүйрек функциясының бұзылуында дозаны түзету» 1 кестесін қараңыз) дозаны күніне бір рет 8 мг дейін арттырар алдында препаратты бір апта бойы күніне бір рет 2 мг, артынан келесі апта бойы дозаны күніне бір рет 4 мг тағайындау керек. Дозаны егер алдыңғы төменірек дозасының жағымдылығы жақсы болған жағдайда ғана арттыру керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету Төменде 1 кестеде көрсетілгендей, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде доза креатинин клиренсіне негізделуі тиіс: 1 кесте: Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету Креатинин клиренсі (мл/мин) Ұсынылған доза ClCR ≥ 60 күніне 4 мг 30 < ClCR < 60 күніне 2 мг 15 < ClCR < 30 күнара 2 мг Гемодиализде жүрген пациенттер* ClCR < 15 Диализ жасалған күні 2 мг * Диализ кезінде периндоприлат клиренсі 70 мл/мин құрайды. Гемодиализде жүрген пациенттер бұл дозаны гемодиализ сеансынан соң алуы тиіс. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Стопресс препаратын күніне бір рет таңертең ас ішуге дейін қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.