+139 бонус

СТОПДИАР 220 мг/5 мл 90 мл сусп

2780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифуроксазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер Румыния А.О
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл препараттың құрамында белсенді зат - 220 мг нифуроксазид, қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий гидроксиді, банан эссенциясы, метилпарагидроксибензоат, карбомер, симетикон эмульсиясы 30%, сахароза, тазартылған су.
Қолданылуы
Шығу тегі бактериялық жедел және созылмалы диареяда. Диареямен байланысты басқа ауруларда, мысалы, тамақтан жедел улану.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне, оның ішінде 5-нитрофуранның басқа туындыларына жоғары жекелей сезімталдық; - фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза-изомальтаза тапшылығы; - шала туған нәрестелер және бір айлық жаңа туған сәбилер; - жүктілік.
Дозасы
Стопдиар, суспензия төмендігелерге тағайындалады: 2 айдан 6 айға дейінгі балаларға: 110 мг-ден (2,5 мл, суспензияның кіші өлшегіш қасығымен) тәулігіне 2 рет, әрбір 12 сағат сайын. 7 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға: 220 мг-ден ( 5 мл, суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын. Ересектер мен 7 жастан асқан балаларға: 220 мг-ден (5 мл, суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен) тәулігіне 4 рет әр 6 сағат сайын. Стопдиарды қабылдар алдында біртекті суспензия алу үшін құтыны бірнеше рет сілку керек. Тағайындалған дозаны өлшегеннен кейін суспензияны жұтып қою керек, оны сумен ішуге болады. Емдеу ұзақтығы Препаратты емдеу курсы 7 күннен аспайды. Емдеудің 2 күні ішінде препараттың тиімділігі болмаған жағдайда, емдеуді түзету үшін дәрігердің кеңесі қажет. Жедел диареяны препаратпен емдеу кезінде пациенттің жалпы жағдайына байланысты организмдегі сұйықтық тапшылығын үнемі пероральді немесе венаішілік толтыру міндетті болып табылады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.