+92 бонус

СТОПДИАР 100 мг №24 таб

1850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифуроксазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер Польша ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100 мг нифуроксазид, қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, картоп крахмалы, желатин, тальк, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 20 000, хинолинді сары (Е104).
Қолданылуы
Басқа ағзалар мен жүйелерге инфекцияның таралуына күдік жоқ болса (яғни жалпы жағдайдың нашарлауы, температураның жоғарылауы, уыттану белгілері) жедел бактериялық диареяда. Бұл ем, олар қажет болғанда, диетаны және регидратацияны алмастырмайды.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне, сондай-ақ нитрофуранның басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (таблетка құрамында бояғыштың болуына байланысты); жүктілік.
Дозасы
Препаратты 200 мг-ден (2 таблетка) тәулігіне 4 рет тағайындайды, уақыттың тең аралықтары сайын (әр 6 сағатта) ас ішуге байланыссыз қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Стопдиар препаратын үш күн бойы қабылдау керек. Егер симптомдар сақталса, дәрігердің кеңесі қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы жеткілікті судың мөлшерін іше отырып, бүтіндей жұту қажет. Таблетканы шайнауға немесе езуге болмайды. Жедел диареяны емдеу тұрақты пероральді регидратациялық ем жүргізуді болжайды; айқын және ұзақ диарея, жиі құсу және анорексия жағдайында венаішілік регидратациялық ем жүргізу қажеттілігін бағалау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.