+136 бонус

СТОПАНГИН - ТЕВА 0,2 % спрей для горла 30 мл

2720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: Тева Чешские Предприятия с.р.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
30 мл препараттың құрамында белсенді зат – 0.0577 г гексэтидин, қосымша заттар: анис эфир майы, эвкалипт эфир майы, апельсин ағашы (Нероли) гүлдерінен алынған эфир майы, бұрыш жалбызының эфир майы, левоментол, метилсалицилат, натрий сахаринат моногидраты, 85% глицерин, 96% этил спирті.
Қолданылуы
Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді тағайындауды қажет ететін ауыз қуысы мен жұтқыншақтың ауыр қызбалық немесе іріңді ауруларын кешенді емдеу кезінде - тонзиллит - баспа (оның ішінде бүйір валиктері зақымданған баспа, Плаут-Винцент баспасы) - фарингит - гингивит және қызыл иектің қанағыштығы - периодонтопатиялар (периодонт аурулары және олардың симптомдары) - суперинфекция профилактикасы мақсатында стоматит (ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы), глоссит (тілдің қабынуы), афтозды ойық жаралар (тіндердің беткейлік ақаулары бар ауыратын қабыну) - тістерді жұлғаннан кейін альвеолалардың (тіс қуыстары) инфекция жұқтыруы - ауыз қуысы мен жұтқыншақтың зеңдік инфекциясы, әсіресе кандидозды стоматит (уылуы) - ауыз қуысы мен жұтқыншақ операцияларына дейін және кейін - жалпы аурулар кезіндегі ауыз қуысының қосымша гигиенасы - ауыздағы жағымсыз иісті кетіру, әсіресе ауыз қуысы мен жұтқыншақты бұзатын ісіктер жағдайында - суық тию ауруларын емдеу кезінде қосымша дәрі.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - атрофиялық типті құрғақ фарингит - 3 жасқа дейінгі балалар - жүктіліктің I триместрі
Дозасы
Ересектер мен 3 жастан асқан балалар Бір реттік доза 1-2 секунд ішінде енгізіледі. Егер басқаша көрсетілмесе, күніне екі рет, дұрысы таңертең және кешке қолданылады. Гексэтидин шырышты қабықта адгезияланады және осының арқасында тұрақты әсер көрсетеді. Осыған байланысты препаратты тамақтан кейін қолдану керек. Препарат жиі қолданған кезде де қауіпсіз. Жалпы кіріспе бойынша нұсқаулар Препаратты ауыз қуысында немесе жұтқыншақта шашыратады. Аэрозольдің көмегімен зақымданған бөліктерді оңай және тез өңдеуге болады. Мына қадамдарды орындау қажет: - аэрозольді баллонға бүріккіш қондырманы кигізіңіз; - бүріккіш қондырманың ұшын ауыз қуысының немесе жұтқыншақтың зақымданған бөлігіне бағыттаңыз; - препаратты енгізу кезінде құтыны үнемі тік күйде ұстау керек; - 1-2 секунд бойы бүріккіш қондырманың бастиегін баса отырып, препараттың қажетті мөлшерін енгізіңіз, аэрозоль енгізген кезде дем алмаңыз. Емнің ұзақтығы дәрігермен анықталады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.