+107 бонус

СТАМИК 40 мг №14 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2140 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: МЕРКЕЗ Лаборатору Фармасеутикал Траде Ко
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 45.10 мг пантопразол натрий сесквигидраты, 40.00 мг пантопразолға баламалы, қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, кросповидон, маннитол DC (Е421), сусыз натрий карбонаты, кальций стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, қабық құрамы: гипромеллоза ацетаты сукцинаты, натрий лаурилсульфаты, тальк, триэтилцитрат, гидроксипропилметилцеллюлоза, sepiperseTM K 3024: этанол, 2-пропанол, су, гидроксипропилметилцеллюлоза, темірдің сары тотығы (E172).
Қолданылуы
Ересектер және 12 жастан үлкен балалар - рефлюкс-эзофагит Ересектер - H. рylori инфекциясымен байланысты ойық жаралары бар пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы (H. рylori) (бактерияға қарсы тиісті еммен біріктірілімде) - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы - Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық гиперсекрециямен сипатталатаын басқа жай-күйлер
Қарсы көрсетілімдер
- пантопразолға, орын басушы бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - пантопразол бауыр немесе бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде H. рylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде қабылданбайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерде біріктірілген емдегі пантопрозол тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ - атазанавирмен бір мезгілде қолдану - балалар және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер және 12 жастан үлкен балалар Рефлюкс-эзофагитте препаратты тәулігіне 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болса, дозаны тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ұсынылған емдеу курсы 4 апта, қажет болса, емдеуді тағы 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Ересектер Helicobacter pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы еммен біріктірілімде Стамик 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 40 мг тағайындалады. H. pylori бар екені расталған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттердегі біріктірілген ем оң клиникалық нәтижелерге және микроорганизм эрадикациясына жету мүмкіндігін береді. Микроорганизмдер сезімталдығына байланысты H. pylori эрадикациялау мақсатында мына емдік біріктірілімдерді қолдануға болады: а) Стамик 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг тәулігіне 2 рет; б) Стамик 40 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин 250-500 мг тәулігіне 2 рет; в) Стамик 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол). H.pylori инфекциясын жою үшін біріктірілген емде  пантопразолдың екінші таблеткасын кешкі ас ішуден 1 сағат бұрын қабылдау керек.  Ұсынылған емдеу курсы 7 күн, қажет болса, емдеуді тағы 7 күнге дейін (жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін) жалғастыруға болады. Ойық жараның жазылуын қамтамасыз ету үшін асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде препаратты дозалау бойынша нұсқауларды қарастырудан кейін әріқарай емдеу көрсетілген. Егер біріктірілген ем көрсетілмесе, мысалы, H. Pylori теріс нәтижесі бар пациенттерде Стамик препаратымен монотерапия үшін келесі дозалар ұсынылады: Асқазан ойық жарасын емдеу үшін: Стамик 40 мг препаратының 1 таблеткасы тәулігіне 1 рет. Жекелеген жағдайларда дозаны, әсіресе, басқа препараттар қолданудан әсер болмаса, екі еселеуге (Стамик 40 мг/тәулік препаратының 2 таблеткасы) болады. Ұсынылған емдеу курсы 4 апта, қажет болса, емдеуді тағы 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеу үшін: Стамик 40 мг препаратының 1 таблеткасы тәулігіне 1 рет. Жекелеген жағдайларда дозаны, әсіресе, басқа препараттарды қолданудан әсер болмаса, екі еселеуге болады (Стамик 40 мг/тәулік препаратының 2 таблеткасы). Ұсынылған емдеу курсы 2 апта, қажет болса, емдеуді тағы 2 аптаға дейін ұзартуға болады. Золлингер-Эллисон синдромында немесе патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жай-күйлерде бастапқы доза 80 мг/тәулік құрайды. Қажет болса, асқазан секрециясының көрсеткіштеріне қарай одан әрі дозаны арттырумен немесе төмендетумен титрлеуге болады. 80 мг/тәуліктен асып кететін дозаларды екі қабылдауға бөлу қажет. Дозаны 160 мг-ден асырып, бірақ асқазан секрециясын талапқа сай бақылау кезеңінде ғана уақытша арттыруға болады. Емдеу курсы шектелмейді және клиникалық қажеттілікке байланысты. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерде пантопразолдың 20 мг тәуліктік дозасынан асырмауға кеңес беріледі. Препаратты орташадан ауыр түріне дейінгі бауыр дисфункциясы бар пациенттерде H. рylori эрадикациясы үшін біріктірілген емдеу кезінде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта препаратты осындай пациенттерде біріктірілген ем үшін қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Стамик препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде H. рylori эрадикациясы үшін біріктірілген емдеу кезінде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта препаратты осындай пациенттерде біріктірілген ем үшін қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды таңғы асқа дейін 1 сағат бұрын қабылдайды. Препарат тәулігіне 2 рет тағайындалғанда екінші таблеткасын кешкі ас ішуге дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Таблеткаларды сұйықтықпен іше отырып, тұтастай жұту керек (ұсақтауға немесе ерітуге болмайды).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.