+1193 бонус

СПИОЛТО РЕСПИМАТ 2,5+2,5 мкг 4 мл раст/ингал

23860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Олодатерол и тиотропия бромид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко.КГ
Нұсқаулық
Құрамы
1 ингаляция құрамында белсенді заттар – тиотропий бромиді моногидраты 3,124 мкг (2,5 мкг тиотропийге баламалы), олодатерол гидрохлориді 2,736 мкг (2,5 мкг олодатеролға баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлориді (50% ерітінді), динатрий эдетаты, 1М хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Спиолто Респимат созылмалы обструкциялық өкпе ауруы (СОӨА) бар ересек пациенттерде симптомдарды жеңілдету үшін демеуші ем кезінде бронходилататор ретінде көрсетілген
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; атропинге және оның туындыларына аса жоғары сезімталдық, оның ішінде анамнездегі ипратропииге немесе окситропииге.
Дозасы
Спиолто Респимат тек ингаляциялық қолдануға арналған. Картриджді орнатып және Респимат ингаляторымен ғана пайдалануға болады. Респимат ингаляторының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Респимат ингаляторын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар «Спиолто Респимат препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықтар» бөлімінде келтірілген. Респимат ингаляторынан екі ингаляция бір емдік дозаға сәйкес келеді. Спиолто Респимат 24 сағат бойы тиімді, сондықтан Спиолто Респиматты КҮНІНЕ БІР РЕТ, мүмкін болса, күннің бір уақытында ғана қолдану керек. Оны қолданған сайын ЕКІ ИНГАЛЯЦИЯ жасаңыз. СОӨА созылмалы ауру болғандықтан, Спиолто Респиматты тыныс алу проблемалары үшін ғана емес, күн сайын қабылдаңыз. Ұсынылған дозадан артық қабылдауға болмайды. Ересектер Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет тәуліктің бір уақытында Респимат ингаляторынан екі ингаляция түрінде енгізілетін 5 микрограмм тиотропий мен 5 микрограмм олодатеролды құрайды. Ұсынылатын дозадан асыруға болмайды. Балалар Спиолто Респимат препараты педиатриялық популяцияда (18 жасқа толмаған) пайдаланылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде Спиолто Респиматты ұсынылған дозада қолдануға болады. Бауыр және бүйрек функциялары бұзылған пациенттер Спиолто Респимат препаратында бүйрек экскрециясы басым дәрілік заттарға жататын тиотропий және негізінен бауырда метаболизденетін олодатерол бар. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа түрдегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Спиолто Респиматты ұсынылған дозада қолдана алады. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерде олодатеролды қолдану туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Спиолто Респиматты ұсынылған дозада қолдануға болады. Ауыр және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі <50 мл/мин) «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз. Спиолто Респимат препаратында олодатерол бар. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерде олодатеролды қолдану туралы деректер шектеулі. Енгізу әдісі мен жолы Спиолто Респимат препараты тек Респимат ингаляторы арқылы ингаляцияға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ұсынылатын доза Респимат ингаляторы арқылы екі ингаляциялық дозаны құрайды, бұл күннің белгілі бір мезгілінде тәулігіне бір рет, 5 мкг тиотропий бромиді мен 5 мкг олодатеролға сәйкес келеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.