+243 бонус

СПАЗМЕКС 15 мг №30 таб

4870 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Троспий
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Др. P. Пфлегер, Химическая фабрика ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір үлбірлі қабықпен қапталған таблетканың құрамында: белсенді зат - троспий хлориді, 15 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы, повидон (К25); үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Поллакиурия, несеп шығаруға императивті қысылу және несеп тоқтамау симптомдарымен қатар жүретін детрузор тұрақсыздығын немесе детрузордың аса жоғары белсенділігін емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (троспий хлоридіне) немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, асқазан-ішек жолының механикалық стенозы, ішектің созылмалы қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы), уытты мегаколон, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы немесе уретра стенозы салдарынан несептің іркілуі, жабық бұрышты глаукома, аритмия, тахиаритмия, миастения, диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <10 мл/мин/1,73 м2), жүктілік және лактация кезеңі, 12 жасқа дейінгі балалар, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Спазмекс® клиникалық көрінісіне және аурудың ауырлығына байланысты жекелей тағайындалады. Ұсынылатын тәуліктік доза 45 мг троспий хлоридін құрайды. Спазмекс® 15 мг троспий хлориді күніне 3 рет (тәулігіне 45 мг) ішке тағайындалады. Күнделікті 45 мг доза кезде таңертең 30 мг троспий хлоридін және кешке 15 мг троспий хлоридін қабылдауға болады. Тиімділігі мен жағымдылығын жекелей есептегеннен кейін емдеуші дәрігер тәуліктік дозаны 30 мг-ға дейін төмендетуі мүмкін. Күнделікті 30 мг дозада күніне екі рет 15 мг троспий хлориді тағайындалады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйректің орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 10-50 мл/мин/1,73 м2) бастапқы дозаны бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты азайту керек. Спазмекс® ұсынылатын тәуліктік дозасы 1× 15 мг немесе 2-3× 7,5 мг (бұл 2-3× ½ таблеткаға сәйкес келеді) құрайды. Жекелеген дозаны тиімділік пен жағымдылықты жекелей есептеу жолымен анықтау керек. Үлбірлі қабықпен қапталған 15 мг таблеткаларды суретте көрсетілгендей 7,5 мг тең бөліктерге бөлуге болады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр дисфункциясының жеңіл немесе орташа дәрежесі жағдайында (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 немесе 7-9 балл) дозаны түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілмеген (Чайлд-Пью > 10; С класы), сондықтан мұндай жағдайларда ем жүргізу ұсынылмайды. Балаларда қолдану Деректердің болмауына байланысты 12 жасқа дейінгі балаларды емдеу ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды ішке, тамаққа дейін, аш қарынға, бүтіндей жұтып, шайнамай және судың (стақан ауыз сумен қабылдаған дұрыс) жеткілікті мөлшерімен ішеді. Суретте көрсетілгендей таблеткаларды екі тең бөлікке бөлуге болады. Ол үшін таблетканы қатты бетке қойып, бас бармақпен бөлгіш жолаққа (жылдам және қатты басу) басу керек. Емдеу ұзақтығы Орташа алғанда, емдеу ұзақтығы 2-3 айды құрайды. Симптомдар басылғаннан кейін 2-4 апта бойы қайталануға қарсы ем жүргізу ұсынылады. Ұзағырақ ем жасау қажет болған кезде емді жалғастыру туралы мәселе дәрігермен 3-6 ай тұрақты аралықпен қайта қаралып отырады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.