+240 бонус

СОРБИЛАКТ 400мл р-р д/инф

9:00-ден кейін қолжетімді
4805 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Электролиты в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Юрия-Фарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: сорбитол 200,0 мг; натрий лактаты (100 % затқа шаққанда) 19,0 мг; натрий хлориді 6,0 мг; кальций хлориді (кальций хлориді дигидраты, құрғақ затқа шаққанда) 0,1 мг; калий хлориді 0,3 мг; магний хлориді (магний хлориді гексагидраты, құрғақ затқа шаққанда) 0,2 мг; қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ерітіндінің гиперосмолярлығы есебінен уыттануды азайту, қышқыл-сілті жағдайын түзету үшін жарақаттық, геморрагиялық және күйік шоктары кезінде гемодинамиканы жақсарту үшін операциядан кейінгі ішек парезінде бүйрек-бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігінде (бастапқы кезеңінде) бассүйекішілік қысымның жоғарылауында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық алкалоз сусыздану миға қан құйылу тромбоэмболия жүрек-қантамыр декомпенсациясы III дәрежелі артериялық гипертензия бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы жүректің декомпенсацияланған ақаулары өкпенің ісінуі анурия, олигурия
Дозасы
Сорбилакт ересектерге минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен вена ішіне (в/і) тамшылатып енгізіледі. Қажет болса, минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізу арқылы сынама жасағаннан кейін препаратты сорғалатып енгізуге болады. 15 тамшы енгізгеннен кейін препаратты енгізу тоқтатылады, ал 3 минут өткен соң реакция болмаса, Сорбилакт вена ішіне сорғалатып енгізіледі. Ересектерге Жарақаттық, күйіктен болатын және геморрагиялық шоктар кезінде 200-600 мл-ден (кг дене салмағына 3-10 мл) бір рет және 200-400 мл-ден қайталап, алдымен вена ішіне сорғалатып, одан кейін вена ішіне тамшылатып енгізеді. Бауырдың жедел жеткіліксіздігінде 200 мл дозада (кг дене салмағына 3,5 мл) күнделікті немесе күнара вена ішіне тамшылатып енгізеді. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінде 200–400 мл (кг дене салмағына 2,5-6,5 мл) бір реттік дозада вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып (8-12 сағат өткен соң 200 мл дозада қайталап) енгізеді. Операциядан кейінгі ішек парезінің профилактикасы үшін 150–300 мл (кг дене салмағына 2,5-5,0 мл) бір реттік дозада вена ішіне тамшылатып енгізеді; хирургиялық шарадан кейін алғашқы 2-3 тәулік ішінде әр 12 сағат сайын препараттың қайталанатын 200 мл инфузияларын жасауға болады. Операциядан кейінгі парездерді емдеу үшін 200-400 мл дозада (кг дене салмағына 3,5-6,5 мл) ішек моторикасы қалыпқа түскенше әр 8 сағат сайын вена ішіне тамшылатып енгізеді. Бассүйекішілік қысым көтерілгенде дене салмағына 5-10 мл/кг дозада алдымен вена ішіне сорғалатып, одан кейін вена ішіне тамшылатып (минутына 60-80 тамшы) енгізеді. Елеулі дегидратация кезінде Сорбилакт препаратының венаішілік инфузияларын тек вена ішіне тамшылатып (тәулігіне 200 мл ерітіндіден асырмай) жүргізу қажет. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне (в/і).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.