+158 бонус

СОРБИФЕР ДУРУЛЕС №50 таб

3170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Железа сульфат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 320 мг темірдің (II) құрғақ сульфаты (100 мг темірге (II) баламалы), 60 мг аскорбин қышқылы, қосымша заттар: повидон (К-25), полиэтен ұнтағы, карбомер 934 Р, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы Е 171, темірдің (III) сары тотығы Е 172, қатты парафин.
Қолданылуы
- темір тапшылықты анемияда профилактика және ем жүргізу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өңештің стенозы және/немесе ас қорыту жолының басқа да обструкциялық өзгерулері - организмде темір мөлшерінің жоғарылауы (гемосидероз, гемохроматоз) - қайталанған гемотрансфузиялар - темір тапшылығымен байланысты емес анемияның басқа түрлері, анемияның басқа типінде де дамитын темір тапшылығы жағдайларын қоспағанда - 12 жасқа дейінгі балаларға (клиникалық деректер жоқ болғандықтан)
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге: Ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 1 таблеткадан. Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде дозаны жартысына (тәулігіне 1 таблетка) азайтуға болады. Жүктілік кезеңінде: Ұсынылатын доза алғашқы 6 ай бойы тәулігіне 1 таблеткадан және ІІІ триместрде және емшек емізу кезеңінде тәулігіне екі рет 1 таблеткадан. Пациенттердің ерекше топтары 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Таблетканы 12 жастан кіші балаларға тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Таблетканы сындыруға, соруға, ауыз ішінде ұстауға немесе шайнауға болмайды. Таблетканы тұтастай жұту және сумен ішу керек. Таблетканы, жекелей жағымдылығына қарай, тамаққа дейін немесе тамақ ішу кезінде қабылдау керек. Таблетканы жатып қабылдауға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы темір алмасудың зертханалық деректерінің негізінде жекелей тәртіппен белгіленеді. Емдеуді қандағы Fe деңгейін бақылай отырып, гемоглобин деңгейі қалыпқа келгенше жүргізу және темір қорының толық қанығуына дейін тағы да 2 ай жалғастыру керек. Темірдің айқын жеткіліксіздігінде емдеудің орташа ұзақтығы 3-6 айды құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.