+200 бонус

СОЛИВО 20 мг №30 таб

4000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лефлуномид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Emcure Pharmaceuticals Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 20 мг лефлуномид, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты.
Қолданылуы
Соливо препараты ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады: - ревматоидты артриттің белсенді түрінде ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препарат (АМРҚП) ретінде; - псориаздық артриттің белсенді түрінде. Мұның алдында немесе бір мезгілде гепатоуытты немесе гематоуытты АМРҚП (мысалы, метотрексат) қолданғанда ауыр жағымсыз реакциялардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін; сондықтан Соливо препаратымен емдеуді бастар алдында пайда/қаупі арақатынасына баға беру қажет. Бұдан басқа, Соливо препаратымен емдеуден «жуып-шаю» процедурасын жүргізбей-ақ басқа АМРҚП-пен емдеуге ауысқан кезде ауыр жағымсыз реакциялардың туындау қаупі де, тіпті ауысқаннан кейін ұзақ уақыт өтсе де, жоғарылауы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- лефлуномидке, негізгі белсенді метаболит терифлуномидке немесе «Құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (әсіресе, егер анамнезінде Стивенс-Джонсон синдромының, уытты эпидермальді некролиздің, мультиформалы эритеманың даму жағдайлары білінсе) - бауыр функциясының бұзылулары - ауыр иммунтапшылық жағдайлары (мысалы, жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) - сүйек кемігі функциясының елеулі бұзылулары немесе айқын анемия, лейкопения, нейтропения немесе тромбоцитопения, олардың туындауы, ревматоидтық немесе псориаздық артритті қоспағанда, қандай да бір себептермен байланысты - ауыр инфекциялар - бүйрек функциясының орташа айқын немесе ауыр жеткіліксіздігі (клиникалық қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты) - ауыр гипопротеинемия (мысалы, нефроздық синдромда) - жүкті әйелдерге немесе, лефлуномидпен емделу кезінде және емделуден кейін, қан плазмасындағы белсенді метаболиттің концентрациясы 0,02 мг/л-ден асқан сәтке дейін контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын бала туа алатын жастағы әйелдерге. Емдеуді бастар алдында жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау қажет. - лактация кезеңі
Дозасы
Дозалану режимі Соливо препаратымен емдеуді ревматоидтық артритті және псориаздық артритті емдеу тәжірибесі бар маман тағайындауы және жүргізуі тиіс. Қандағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе сарысулық глутамат-пируват-трансфераза (СГПТ) деңгейлерін бір мезгілде және бірдей жиілікпен бақылау және, тромбоциттердің лейкоцитарлық формуласын және санын анықтауды қоса, қанға толық жалпы талдау жүргізу қажет: препаратпен емдеуді бастар алдында емнің алғашқы алты айы ішінде әрбір екі апта сайын және соңынан әрбір 8 апта сайын. Ревматоидтық артрит Емдеуді, әдеттегідей, лефлуномидтің жүктеме 100 мг дозасын тәулігіне бір рет 3 күн бойы қолданудан бастайды. Жүктеме дозаны өткізіп алған жағдайда жағымсыз реакциялардың туындау қаупі төмендеуі мүмкін. Ұсынылған демеуші доза, аурудың ауырлық дәрежесіне (белсенділігіне) байланысты, тәулігіне бір рет лефлуномидтің 10 мг-ден 20 мг-ге дейінін құрайды. Псориаздық артрит Емдеуді лефлуномидтің жүктеме 100 мг дозасын тәулігіне бір рет 3 күн бойы қолданудан бастайды. Ұсынылған демеуші доза тәулігіне бір рет 20 мг лефлуномидті құрайды. Емдік әсері әдетте 4-6 аптадан кейін білінеді және әрі қарай 4-6 айға дейін өсуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті болмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзетудің қажеті болмайды. Балалар 18 жастан кіші балаларға лефлуномидті қолдану ұсынылмайды, өйткені ювенильді ревматоидтық артритте оның тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы ішке қабылдайды, оларды сұйықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек. Препаратты тамақпен бірге қабылдағанда лефлуномидтің сіңу дәрежесі өзгермейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.