СОЛИКЕМ 10 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Солифенацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - солифенацин сукцинаты 5 мг немесе 10 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты (200M), жүгері крахмалы (Corn starch 400L), гипромеллоза (Methocel E5 Premium), магний стеараты (Peter G); қабықтың құрамы (5 мг доза үшін): сары опадрай 03F12967 (гипромеллоза Methocel E5 Premium, тальк, макрогол, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172)) қабықтың құрамы (10 мг доза үшін): қызғылт опадрай 03F14895 (гипромеллоза Methocel E5 Premium, тальк, макрогол, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е172))
Қолданылуы
несепті ургентті (императивті) ұстай алмауды симптоматикалық емдеуде қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерге тән жиі несеп шығаруды және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды симптоматикалық емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - несеп шығарудың іркілуі - ауыр асқазан-ішек аурулары (уытты мегаколонды қоса) - миастения gravis - жабық бұрышты глаукома - гемодиализ жүргізу - ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі - кетоконазол сияқты CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеу кезінде ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі немесе ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз) - лактаза тапшылығы, лактозаға көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы - бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектер, егде жастағыларды қоса Тамақ ішу уақытына қарамастан сұйықтық іше отырып, 5 мг тәулігіне бір рет ішке, тұтастай қабылдайды. Қажет болған жағдайда, доза тәулігіне бір рет 10 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Балалар Балалардағы солифенациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан балаларда Соликем препаратын қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету талап етпейді. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) Соликем препараты медициналық бақылауды мұқият жүргізе отырып, тәулігіне 5 мг аспайтын дозада қолданылуы тиіс. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В сатысы) Соликем препараты мұқият медициналық бақылауды жүргізе отырып, тәулігіне 5 мг аспайтын дозада қолданылуы тиіс. CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерін алатын пациенттер Солифенацинді кетоконазолмен немесе нелфинавир итраконазол сияқты CYP3A4 изоферментінің басқа да күшті тежегішінің емдік дозасымен бірге қолданған кезде Соликем препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Таблетканы тамақ ішу уақытына қарамастан, тұтастай жұтып, сұйықтықты іше отырып, ішке қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.