+63 бонус

СОЛИГЕТ 5 мг №10 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1275 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Солифенацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған 5.0 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - солифенацин сукцинаты 5.0 мг Үлбірлі қабықпен қапталған 10.0 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - солифенацин сукцинаты 10.0 мг қосымша заттар: лактоза (Pharmatose DCL 11), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри ақ**. ** - Опадри ақтың құрамында гипромеллоза 62.5 %, титанның қостотығы (Е 171) 31.25 %, триацетин 6.25 %
Қолданылуы
Қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерде несепті ұстай алмауды және/немесе несеп шығарудың жиілеуін және несеп шығаруға императивті қысылуды симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса сезімталдық - несеп шығарудың кідіруі - асқазан-ішектің ауыр аурулары (уытты мегаколонды қоса) - Гравис миастениясы - жабық бұрышты глаукома - гемодиализ жүргізу - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - СҮР3А4 күшті тежегіштерімен, мысалы кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балаларға - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге - бала емізу кезеңінде
Дозасы
Дозалану режимі Егде жастағы адамдарды қоса алғанда, ересектер Солигет таблеткаларының ұсынылатын дозасы күніне 5 мг құрайды. Қажет болса, дозаны күніне 10 мг дейін арттыруға болады. Балалар Препараттың балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан препаратты балаларға тағайындауға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Дәрежесі жеңілден орташаға (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа бұзылған (Чайлд - Пью (Child-Pugh) шкаласы бойынша ауырлықты бағалауға сәйкес 7-9 балл) пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн. Р4503А4 цитохромының күшті тежегіштері Солифенацинді кетоконазолмен немесе CYP3A4 басқа әлеуетті тежегіштерін, мысалы, ритонавирді, нелфинавирді, итраконазолды бір мезгілде қолданғанда Солигет препаратының ең жоғарғы дозасы шектелуі және 5 мг болуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Солигет таблеткаларын тамақтану уақытына қарамастан, тұтастай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып қабылдайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 5 мг немесе 10 мг Солигет таблеткасы күніне бір рет қабылданады

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.