Дозасы
Снуп®, 0,05 % мұрынға арналған спрей
2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – әрбір мұрын қуысына күніне үш ретке дейін 1 бүрку.
Снуп®, 0,1 % мұрынға арналған спрей
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – әрбір мұрын қуысына күніне үш ретке дейін 1 бүрку.
Енгізу жолы және тәсілі
Снуп® мұрынға қолдануға арналған.
Алғаш қолданудың алдында біркелкі «тұман» бұлты пайда болғанша, бүрку құрылғысының қапсырмасын бірнеше рет басу керек. Препараты бар құты қолдануға одан әрі дайын. Егер спрей 3 күннен аса қолданылмаса, бүркудің осы іс-әрекеттерін қайталау керек.
Бүрку құрылғысын пайдаланғаннан кейін жақсылып сүртіп, қорғаныш қалпақшасымен құтыны жабу керек.
Гигиеналық тұрғыдан және инфекция таралуын болдырмас үшін әр құты әр адамға жекелей пайдаланылуы тиіс.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты күніне 3 реттен жиі қолданбаған жөн.
Қолдану ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
Препаратпен ем аяқталғаннан кейін тек бірнеше күннен кейін ғана қайталап тағайындауға болады. Балаларға қолданудың ұзақтығын дәрігермен кеңесу керек. Созылмалы ринит жағдайында Снуп®, 0,05 % және 0,1 % мұрынға арналған спрей препаратын мұрын шырышты қабығы атрофиясы қаупін ескере отырып, тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.
Балаларда қолдану
Снуп®, 0,05 % мұрынға арналған спрей 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналған. Жаңа туған нәрестелерге, 2 жасқа дейінгі сәбилер мен кішкентай балаларға қолдануға болмайды.
Снуп®, 0,1 % мұрынға арналған спрей 12 жастан бастап балаларға және ересектерге қолдануға арналған. 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: препараттың артық дозалануы кезінде клиникалық көрінісі орталық жүйке жүйесінің қозу фазаларының (мазасыздық, қозу, елестеулер, құрысулар) орталық жүйке жүйесінің бәсеңдету фазаларымен (дене температурасының төмендеуі, енжарлық, ұйқышылдық, кома) кезектесуін көріністейді. Сонымен қатар мынадай симптомдар туындауы мүмкін: миоз, мидриаз, қатты терлеу, дене температурасының жоғарылауы, бозаруы, цианоз, жүректің айнуы және құсу, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы, жүректің қағуы, артериялық қысымның жоғарылауы, артериялық қысымның шокқа дейінгі төмендеуі, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ, психогендік бұзылыстар.
Артық дозалану кезінде балаларда басым түрде құрысу, кома және брадикардиямен орталық әсерлері, апноэ, сондай-ақ соңынан гипотония жалғасатын артериялық қысымның жоғарылауы байқалады.
Емі: симптоматикалық, дәрігердің бақылауымен.
Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде – белсендірілген көмір енгізу, асқазанды шаю.
Ауыр артық дозалану кезінде стационарда қарқынды ем жүргізу тағайындалады. Күрделі жағдайларда артериялық қысымды төмендету үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар, қызуды түсіретін дәрілер, интубация және өкпені жасанды желдету қолданылуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000 аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі (> 1/100-ден < 1/10-ға дейін)
мұрын шырышты қабығының күйдіріп ашытуы және құрғауы, түшкіру
Жиі емес (> 1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
гиперсекреция
жиі және ұзақ қолданған кезде мұрынның шырышты қабығының қайтымды ісінуі (реактивті гиперемия), мұрыннан қан кету
аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, қышыну, тері бөртпелер)
Сирек (> 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін)
жүрек қағысын сезіну, тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы
Өте сирек (< 1/10000)
аритмия
бас ауыру, шаршау, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, мазасыздық, седативті әсер, құрысулар және елестеулер (көбіне балаларда), көрудің өтпелі бұзылуы
апноэ (жасы кіші балаларда және жаңа туған нәрестелерде)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.