+59 бонус

СМЕКТИТ Э пор.д/сусп. для приема внутрь 3 г №10

9:00-ден кейін қолжетімді
1190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диосмектит
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Экзон
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакетте белсенді зат: диоктаэдриялық смектит - 3000,0 мг; қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині (Е954), «Апельсин» хош иістендіргіші, ванилин. «Апельсин» хош иістендіргішінің құрамы: декстроза, дәмді хош иісті компонент (құрамында табиғи дәмді хош иісті заттар мен препараттар бар), бақылауға қарсы агент: кремнийдің қостотығы Е551 (5 %), натрий хлориді.
Қолданылуы
2 жастан бастап балалар үшін: - пероральді регидратацияға арналған ерітіндімен кешенді емде жедел диареяны симптоматикалық емдеу. Ересектер үшін: - пероральді регидратацияға арналған ерітіндімен кешенді емде ересектердегі жедел диареяны симптоматикалық емдеу; - созылмалы диареяны симптоматикалық емдеу; - сэзофагогастродуоденальді және ішек ауруларымен байланысты іштің ауырсынуын симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- Диоктаэдриялық смектитке немесе дәрілік заттың бір компонентіне аса жоғары сезімталдық. - Ішек өтімсіздігі. - 2 жасқа дейінгі балалар. - Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Дозасы
Әрқашан осы препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес толық қабылдаңыз. Күмән пайда болған кезде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Жедел диареяны емдеу. Балаларға арналған: - 2 жастан бастап: 3 күн ішінде күніне 4 пакет, содан кейін 4 күн ішінде күніне 2 пакет. Ересектер үшін: - күніне орта есеппен 3 пакет. Емдеудің басында тәуліктік дозаны екі есеге арттыруға болады. Басқа көрсеткіштер. Ересектер үшін: - күніне орта есеппен 3 пакет. Ұсынылатын емдеу курсы - 3-7 күн. Бір немесе бірнеше дозаны өткізіп алған кезде дәрілік затты қабылдауды әдеттегі режимде дозаны екі еселемей жалғастыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішуге арналған. Қолданар алдында пакеттің ішіндегісін суспензия алынғанша суда ерітіңіз. Дәрілік затты: - эзофагит кезінде тамақ ішкеннен кейін; - басқа көрсеткіштермен тамақтану арасындағы аралықта қолданған жақсы. Балаларға арналған: - пакеттің ішіндегісін 50 мл суда ерітіп, күн бойы бірнеше қабылдауға бөліңіз немесе сорпа, компот, пюре, балалар тағамы сияқты жартылай сұйық өніммен мұқият араластырыңыз. Ересектер үшін: - пакеттің ішіндегісін жарты стакан (100 мл) суда ерітіңіз. Емдеу ұзақтығы Ұсынылатын емдеу курсы - 3-7 күн. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.