+324 бонус

СЛИДЕРОН 16 мг №20 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
6490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метилпреднизолон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Разград АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 4 мг немесе 16 мг метилпреднизолон, қосымша заттар: лактоза моногидраты және жүгері крахмалының қоспасы (85 : 15), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Слидерон препараты глюкокортикоидты емді қолдануды қажет ететін аурулар кезінде қолданылады:
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - туберкулез, басқа жедел және созылмалы бактериялық немесе вирустық инфекциялар (тиісті дәрілік қорғаныссыз) - жүйелі зеңдік инфекциялар - иммунитетті төмендететін препарат дозаларын қабылдайтын пациенттерге тірі немесе әлсіретілген тірі вакциналарды енгізу.
Дозасы
Слидерон препаратының бастапқы дозасы аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 4-тен 48 мг-ға дейін өзгеруі мүмкін. Бастапқы дозаны қанағаттанарлық реакция белгілі болғанға дейін ұстап тұру немесе түзету керек. Егер белгілі бір кезең өткеннен кейін клиникалық жауап қанағаттанарлық болмаса, Слидерон препаратын қабылдауды тоқтатып, пациентке басқа емді тағайындау керек. Дозаның құбылмалы екенін және емделетін ауруға және пациенттің реакциясына байланысты жеке таңдалуы керек екенін атап өткен жөн. Оң жауаптан кейін талапқа сай клиникалық жауапты сақтау үшін ең төменгі тиімді дозаға жеткенге дейін тиісті уақыт аралықтарында препараттың бастапқы дозасын аз ғана төмендетумен азайту арқылы демеуші дозаны анықтау қажет. Препараттың дозасын бақылау және үнемі бейімдеу маңызды болып табылады. Дозаны түзетуді қажет етуі мүмкін жағдайларға мыналар жатады: ремиссияға немесе ауырсыну процесінің асқынуына қатысты клиникалық жағдайдың өзгеруі, препаратқа жеке реакция, науқастың аурудың өзімен тікелей байланысты емес стресстік жағдайларға бейімділігіне әсері; бұл соңғы жағдайда Слидерон препаратының дозасын пациенттің жағдайына байланысты тиісті уақыт кезеңіне арттыру қажет болуы мүмкін. Егер ұзақ емнен кейін емдеуді тоқтату қажет болса, онда күрт төмендету емес, біртіндеп төмендету ұсынылады. Ересектер Дозалау бойынша нұсқаулар төменде келтірілген кестеде көрсетілген, бұл бастапқы тәуліктік дозалар. Ұсынылған орташа жалпы тәуліктік доза бір реттік доза түрінде немесе бөлінген дозалар түрінде берілуі мүмкін (емнің баламалы сызбасын қоспағанда). Баламалы емдеу тәсілінде Слидерон препаратының ең төменгі күнделікті дозасы екі еселенеді және күнара бір реттік доза түрінде таңертең 8.00-де қабылданады. Доза емді қажет ететін жағдайға және пациенттің реакциясына байланысты. Пациенттің жай-күйі тұрақтандырылған соң дәрігер дозаны азайтуы мүмкін. Баламалы күндізгі емнің (БКЕ) артықшылықтары: а) кортикостероидтардың қабынуға қарсы немесе емдік әсері организмде препараттың болуына және оның метаболизмге әсеріне қарағанда ұзағырақ сақталады; б) кортикостероидты таңертең, күнара қолдану гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің қалыпты қызметін препаратты қабылдамаған күндері қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жағымсыз әсерлер ең төменгі қолдану кезеңі ішінде ең төменгі тиімді дозаларды пайдалану кезінде барынша азайтылуы мүмкін. Баламалы күндізгі ем (БКЕ) қарастырған кезде кортикостероидтармен емдеудің негізгі принциптері мен көрсетілімдерін қолдану және БКЕ артықшылықтарын ескеру қажет. БКЕ кортикостероидтармен ұзақ емделетін пациенттерге арналған. Кортикостероидтық емдеуді қажет ететін күрделілігі төмен ауруларда емдеуді БКЕ -ден бастауға болады. Ауыр жағдайларда, ауру симптомдарын бастапқы бақылау үшін әдетте препаратты күнделікті қабылдау қажет. Балалар: дозаны дәрігер анықтайды және ол клиникалық жауапқа негізделеді. Емдеуді ең қысқа қажетті уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозада жүргізу керек. Мүмкіндігінше, баламалы емдеу сызбасын пайдалану керек. 4 мг метилпреднизолон 5 мг преднизолонның, 4 мг триамцинолон мен 0,75 мг дексаметазонның баламасы болып табылады. Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі кезінде ішке тәулігіне 3 қабылдауға 0,14 мг/кг немесе 4 мг/м2, басқа көрсетілімдер бойынша — үш қабылдауға бөлінген ішке 0,417–1,67 мг/кг немесе 12,5–50 мг/м2. Мүмкіндігінше, тәуліктік дозаны күнара бір рет қабылдау керек. Бастапқы доза Демеуші доза

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.