+267 бонус

СКИНОРЕН 15% 15 г гель

5340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азелаиновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ЛЕО Фарма А/С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гельдің құрамында белсенді зат – 15.000 г микрондалған азелаин қышқылы қосымша заттар: пропиленгликоль, полисорбат 80, лецитин, полиакрил қышқылы, ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер, натрий гидроксиді, динатрий эдетаты, бензой қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
- бет терісіндегі безеу ауруының (acne vulgaris) жеңіл және орташа дәрежедегі папуло-пустулезді түрінде; - папула-пустулезді розацеаны жергілікті емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді немесе компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Сыртқа. Гельді терінің зақымданған жерлеріне күніне 2 рет (таңертең және кешке) жағып және сәл ысқылайды. Шамамен 0,5 г (2,5 см) гель бүкіл бетке қолданылу үшін жеткілікті. Скинорен® препаратын қолданар алдында теріні таза сумен немесе жұмсақ тазартқыш косметикалық затпен жуып, содан кейін құрғату керек. Окклюзиялық таңғыштарды қолданбаған дұрыс, гель жаққаннан кейін қолды жуу керек. Тері тым тітіркенген жағдайда Скинорен® гельдің жағатын мөлшерін немесе препаратты қолдану жиілігін тітіркену симптомдары жойылғанша тәулігіне 1 ретке дейін азайту керек. Қажет болған жағдайда емдеуді уақытша бірнеше күнге үзе тұруға болады. Скинорен® гельдің бүкіл емдеу кезеңі ішінде жүйелі түрде қолданылғаны маңызды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың жекеленген көрінісіне және оның ауыртпалық дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Акне: негізінен елеулі жақсару әдетте, емдеудің 4 аптасынан кейін байқалады. Жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін Скинорен® гельді клиникалық тиімділігіне байланысты бірнеше ай бойы үздіксіз қолданған жөн. Егер Скинорен® гельді 1 ай қолданғаннан кейін жақсара бастамаса немесе безеу ауруының өршуі туындаса, препаратты қолдануды тоқтатып, емдеудің басқа тәсілдерін қарастыру керек. Розацеа: елеулі жақсару әдетте, емдеудің 4 аптасынан кейін байқалады. Жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін Скинорен® гельді клиникалық тиімділігіне байланысты бірнеше ай бойы үздіксіз қолданған жөн. Егер Скинорен® гельді 2 ай қолданғаннан кейін жақсара бастамаса немесе розацеа өршуі туындаса, препаратты қолдануды тоқтатып, емдеудің басқа тәсілдерін қарастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.