+69 бонус

СИСПРЕС 500 мг №14таб

1390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел АФФ АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 291.500 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (250.000 мг ципрофлоксацинге баламалы), 583.000 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (500.000 мг ципрофлоксацинге баламалы), 874.500 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (750.000 мг ципрофлоксацинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, жүгері крахмалы, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, № 1 үлбірлі қабыққа арналған материал (Opadry 03A38601 White), үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), микрокристалды целлюлоза (Е460), стеарин қышқылы (Е570), титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Емді бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге тұрақтылығы туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аударған жөн. Антибиотиктерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет. Ересектер: •Грамтеріс бактериялар туындатқан төменгі тыныс жолдарының инфекциялары - өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі (ӨСОА). Өршіген кезде (ӨСОА) Ципрофлоксацинді, егер мұндай инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп саналса ғана қолданған жөн - муковисцидоз кезінде (кистозды фиброз) немесе бронхоэктаздар кезінде бронх-өкпе инфекциялары - пневмония • Созылмалы ортаңғы іріңді отит • Созылмалы синуситтің өршуі, әсіресе оны грамтеріс бактериялар туындатқан жағдайда • Несеп шығару жолдарының инфекциялары - асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде ципрофлоксацинді, егер мұндай инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп саналса ғана қолданған жөн - несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - жедел пиелонефрит - бактериялық простатит Жыныстық жолдардың инфекциялары сезімтал Neisseria gonorrhоeae туындатқан гонококктық уретрит және цервицит сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындатқан жағдайларды қоса, эпидидимоорхит сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындатқан жағдайларды қоса, кіші жамбас ағзаларының қабынбалы аурулары • Асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы: саяхатшылардың диареясы) • Құрсақішілік инфекциялар • Терінің және жұмсақ тіндердің грамтеріс бактериялар туындатқан инфекциялары • Қатерлі ортаңғы отит • Сүйектер мен буындардың инфекциялары • Neisseria meningitidis туындатқан инвазиялық инфекциялардың профилактикасы • Сібір жарасының өкпедегі түрін жанасудан кейінгі профилактикасы және емі • Нейтропения және қызбаға шалдыққан пациенттерді бактериялық инфекция туындатқан деп күдіктенген кезде емдеу Балалар мен жасөспірімдер: • Pseudomonas aeruginosa туындатқан муковисцидоз кезінде байқалатын бронх-өкпе инфекциялары • Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және жедел пиелонефрит • Сібір жарасының өкпедегі түрін жанасудан кейінгі алдын алу және емдеу Қажет деп саналатын жағдайларда балалар мен жасөспірімдердің ауыр инфекцияларын емдеу. Емді балалар мен жасөспірімдердің муковисцидозын және/немесе ауыр инфекцияларын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындауы керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ципрофлоксацин мен тизанидинді бірге қолдану - жүктілік және бала емізу кезеңі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалауы қолданылуы, инфекцияның ауырлығы мен орналасуы, патогенді микроорганизмдердің ципрофлоксацинге сезімталдығы, пациенттің бүйрек функциясы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің дене салмағы бойынша анықталады. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және оның клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты. Белгілі бір бактериялар туындатқан инфекцияларды емдегенде (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococci) ципрофлоксациннің неғұрлым жоғары дозалары және басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдану қажет болуы мүмкін. Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруы, интраабдоминальдік инфекциялар, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекциялар және сүйектер мен буындардың инфекциялары ) емдеген кезде қамтылған патогенді микроорганизмдерге байланысты басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдану қажет болуы мүмкін. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.