+165 бонус

СИРОП ОТ КАШЛЯ-ТЕВА 200 мл

3300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Отхаркивающие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Ратиофарм ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г (80 мл) шәрбат құрамында белсенді зат - 9,001 г (9.04 мл) сұйық жебіршөп экстрактісі*, қосымша заттар: 0,147 г натрий бензоаты, 0,633 г глицерин 85% , 79,7 г сахароза ерітіндісі 66.5%. Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 тармағынан қараңыз. _____________________ * - препараттың бір дозасында (10 мл) 1.13 мл сұйық жебіршөп экстрактісі бар. 1 мл сұйық жебіршөп экстрактісінде 0,04 г этил спирті бар.
Қолданылуы
- тұтқыр шырыштың түсуінің қиындауымен тыныс алу жолдарының суық тию ауруларының симптомдарын жеңілдету және жедел бронхит симптомдарын жеңілдету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- жебіршөпке немесе ерінгүл (lamiaceae) тұқымдас басқа өсімдіктерге, қайыңға, жусанға, балдыркөкке немесе препараттың басқа компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты алкоголизм, эпилепсия, бауыр аурулары - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Дозасы
Сұйылтылмаған күйінде қабылдаңыз. Ересектер: 10 мл тәулігіне 3 рет. Жалпы тәуліктік доза 30 мл. Мүмкіндігінше, қабылдаулар арасындағы аралықтарды тұрақты сақтай отырып, күні бойы бөліп қабылдау керек. Қолданар алдында құты ішіндегісін сілку керек. Орташа емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Емдеу курстарының ұзақтығын ұлғайту және қайталау дәрігердің ұсынысы бойынша ғана мүмкін. Аурудың симптомдары 1 апта бойы сақталған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет. «Арнайы сақтандырулар» және «Жағымсыз әсерлер» бөлімдерінде көрсетілген ақпаратты назарға алыңыз. Құрамында этил спиртінің болуына байланысты дәрілік препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішуге арналған. Сұйылтылмаған түрде қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Курстың ұзақтығы дәрігердің ұсынысына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.