+64 бонус

СИОФОР 850 мг №60 таб

1285 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – 850 мг метформин гидрохлориді. қосымша заттар: гипромеллоза, повидон, магний стеараты үлбірлі қабық: гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (E 171).
Қолданылуы
2 типті қант диабетін емдеу, әсіресе артық дене салмағы бар пациенттерде, тек диеталық терапия мен жаттығулар гликемияны жеткілікті бақылауды қамтамасыз етпесе: - ересектерде Сиофор® 850 монотерапия ретінде немесе ішуге арналған диабетке қарсы басқа дәрілермен, сондай-ақ инсулинмен бірге қолданылуы мүмкін. - 10 жастан асқан балаларда және жасөспірімдерде Сиофор® 850 монотерапия дәрісі ретінде немесе инсулинмен біріктіріп қолдануға болады. Диетаның тиімсіздігі кезінде бірінші таңдау препараты ретінде метформин қабылдайтын 2 типті қант диабеті бар және дене салмағы артық пациенттерде қант диабетіне байланысты асқынулар санының төмендегені дәлелденді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе құрамы бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кез келген типтегі жедел метаболизмдік ацидоз (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) - диабеттік прекома - бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (ШСЖ) <30 мл/мин - сусыздану, жедел инфекция, шок сияқты бүйрек функциясын бұзуы мүмкін жедел жағдайлар - тіндердің гипоксиясын тудыруы мүмкін аурулар (әсіресе жедел фазадағы аурулар немесе созылмалы ауру кезіндегі нашарлау), мысалы: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі тыныс алу жеткіліксіздігі жақында болған миокард инфарктісі шок - бауыр функциясының жеткіліксіздігі, жедел алкогольдік интоксикация, алкоголизм.
Дозасы
Қалыпты бүйрек функциясы бар ересектер (ШСЖ ≥ 90 мл/мин) Монотерапия дәрісі ретінде және ішке қабылдау үшін диабетке қарсы басқа дәрілермен біріктіріп қолдану Емдеудің басында тамақтану кезінде немесе одан кейін тәулігіне 2 немесе 3 рет әдетте 500 мг немесе 850 мг метформин гидрохлоридін қабылдайды. 10-15 күннен кейін дозаны қандағы глюкоза деңгейін өлшеу негізінде түзету керек. Дозаны біртіндеп жоғарылатқанда асқазан-ішек жолы тарапынан препараттың төзімділігі жақсарады. Метформин гидрохлоридінің ең жоғары ұсынылатын дозасы үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 3 г құрайды. Басқа ішке қабылдауға арналған диабетке қарсы дәріден ауысқан кезде соңғысын қабылдауды тоқтатып, жоғарыда көрсетілген дозада метформин гидрохлоридін қабылдауды бастау керек. Инсулинмен біріктірілім Қандағы глюкоза деңгейін жақсы түзетуге қол жеткізу үшін метформин мен инсулинді бір-бірімен біріктіріп қолдануға болады. Метформин гидрохлоридін стандартты бастапқы дозада тәулігіне 2 немесе 3 рет 500 мг немесе 850 мг тағайындайды, ал инсулин дозасын қандағы глюкоза мөлшерін өлшеу негізінде анықтайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін болғандықтан, олар үшін метформин гидрохлоридінің дозасын бүйрек функциясының көрсеткіштері негізінде анықтайды. Бүйрек функциясын үнемі бақылау керек (Арнайы ескертулерді қараңыз). Бүйрек функциясының бұзылуы Құрамында метформині бар препараттармен емдеуді бастар алдында, сондай-ақ қайталап: емдеу басталғаннан кейін жылына кемінде бір рет ШСЖ анықтау қажет. Бүйрек функциясының бұзылуының одан әрі ушығу қаупі жоғары пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын жиі, атап айтқанда: әрбір 3-6 ай сайын тексеру қажет. ШСЖ мл/мин Ең жоғары тәуліктік доза (2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс) Қосымша түсініктеме 60-89 3000 мг Бүйрек функциясының нашарлауымен дозаны төмендетуді мүмкіндігін қарастыруға болады. 45-59 2000 мг Метформинмен емдеуді бастар алдында лактоацидоз қаупін арттыратын факторларды ескеру керек. Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан аспауы тиіс. 30-44 1000 мг < 30 - Метформинді қолдануға болмайды. Балалар мен жасөспірімдер 10 жастан бастап балаларда Сиофор® препаратын монотерапияда да, инсулинмен бірге де қолдануға болады. Әдетте бастапқы доза тамақтану кезінде немесе одан кейін тәулігіне бір рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. Жүргізілген терапияның 10-15 күнінен кейін қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде препараттың дозасын түзету қажет. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жолына көтере алушылықты жақсарта алады. Сиофор® препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 2 г құрайды, 2-3 қабылдауға бөлінген. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылданады. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек. Сызығы таблеткаларды бірдей дозаларға бөлуге емес, жұтуды жеңілдету мақсатында таблеткаларды сындыруға ғана арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.