+99 бонус

СИОФОР 1000 мг №60 таб

1980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – 1000 мг метформин гидрохлориді, (780 мг метформинге сәйкес келеді). қосымша заттар: таблетка ядросы: гипромеллоза, повидон, магний стеараты үлбірлі қабық: гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (E 171).
Қолданылуы
2 типті қант диабетін емдеу, әсіресе артық дене салмағы бар пациенттерде, тек диеталық терапия мен жаттығулар гликемияны жеткілікті бақылауды қамтамасыз етпесе: - 2 типті қант диабеті бар ересектерде Сиофор® 1000 монотерапия ретінде немесе ішуге арналған диабетке қарсы басқа дәрілермен, сондай-ақ инсулинмен бірге қолданылуы мүмкін. - 2 типті қант диабеті бар 10 жастан асқан балаларда және жасөспірімдерде Сиофор® 1000 монотерапия дәрісі ретінде немесе инсулинмен біріктіріп қолдануға болады. Диетаның тиімсіздігі кезінде бірінші таңдау препараты ретінде метформин қабылдайтын 2 типті қант диабеті бар және дене салмағы артық пациенттерде қант диабетіне байланысты асқынулар санының төмендегені дәлелденді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе құрамы бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кез келген типтегі жедел метаболизмдік ацидоз (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) - диабеттік прекома - бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (ШСЖ) <30 мл/мин кем) - сусыздану, жедел инфекция, шок сияқты бүйрек функциясының бұзылуына потенциалды ықпал ететін жедел жай-күй - тіндердің гипоксиясын тудыруы мүмкін аурулар (әсіресе жедел фазадағы аурулар немесе созылмалы ауру кезіндегі нашарлау), мысалы: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі тыныс алу жеткіліксіздігі жақында болған миокард инфарктісі шок - бауыр функциясының жеткіліксіздігі, жедел алкогольдік интоксикация, алкоголизм.
Дозасы
Қалыпты бүйрек функциясы бар ересектер (ШСЖ ≥ 90 мл/мин) Монотерапия дәрісі ретінде және ішке қабылдау үшін диабетке қарсы басқа дәрілермен біріктіріп қолдану Емдеудің басында тамақтану кезінде немесе одан кейін тәулігіне 2 немесе 3 рет әдетте 500 мг немесе 850 мг Сиофор® препаратын қабылдайды. 10-15 күннен кейін дозаны қандағы глюкоза деңгейін өлшеу негізінде түзету керек. Дозаны біртіндеп жоғарылатқанда асқазан-ішек жолы тарапынан препараттың төзімділігі жақсарады. Метформин гидрохлоридінің жоғары дозасын алатын пациенттерде (тәулігіне 2-3 г) екі 500 мг Сиофор® таблеткасын бір 1000 мг Сиофор®  таблеткасына ауыстыруға болады. Метформин гидрохлоридінің ең жоғары ұсынылатын дозасы үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 3 г құрайды. Басқа ішке қабылдауға арналған диабетке қарсы дәріден ауысқан кезде соңғысын қабылдауды тоқтатып, жоғарыда көрсетілген дозада Сиофор® препаратын қабылдауды бастау керек. Инсулинмен біріктірілім Қандағы глюкоза деңгейін жақсы түзетуге қол жеткізу үшін метформин мен инсулинді бір-бірімен біріктіріп қолдануға болады. Метформин гидрохлоридін стандартты бастапқы дозада тәулігіне 2 немесе 3 рет 500 мг немесе 850 мг тағайындайды, ал инсулин дозасын қандағы глюкоза мөлшерін өлшеу негізінде анықтайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін болғандықтан, олар үшін метформин гидрохлоридінің дозасын бүйрек функциясының көрсеткіштері негізінде анықтайды. Бүйрек функциясын үнемі бақылау керек (Арнайы ескертулерді қараңыз). Бүйрек функциясының бұзылуы Құрамында метформині бар препараттармен емдеуді бастар алдында, сондай-ақ қайталап: емдеу басталғаннан кейін жылына кемінде бір рет ШСЖ анықтау қажет. Бүйрек функциясының бұзылуының одан әрі ушығу қаупі жоғары пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын жиі, атап айтқанда: әрбір 3-6 ай сайын тексеру қажет. ШСЖ мл/мин Ең жоғары тәуліктік доза (2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс) Қосымша түсініктеме 60-89 3000 мг Бүйрек функциясының нашарлауымен дозаны төмендетуді мүмкіндігін қарастыруға болады. 45-59 2000 мг Метформинмен емдеуді бастар алдында лактоацидоз қаупін арттыратын факторларды ескеру керек. Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан аспауы тиіс. 30-44 1000 мг < 30 - Метформинді қолдануға болмайды. Балалар мен жасөспірімдер 10 жастан бастап балаларда Сиофор® препаратын монотерапияда да, инсулинмен бірге де қолдануға болады. Әдетте бастапқы доза тамақтану кезінде немесе одан кейін тәулігіне бір рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. Жүргізілген терапияның 10-15 күнінен кейін қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде препараттың дозасын түзету қажет. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жолына көтере алушылықты жақсарта алады. Сиофор® препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 2 г құрайды, 2-3 қабылдауға бөлінген. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылданады. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек. Бөлінуге арналған сына тәрізді ойықтың арқасында үлбірмен қапталған таблетканы басқа таблеткалар сияқты екі қолмен бөлуге болады немесе тегіс, қатты бетке кеңірек ойықпен төмен қойып, бас бармағыңызбен басуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.