+153 бонус

СИНЕГРА ЛОНГ 50 мг/30 мг №1 таб

3070 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинированны препараты, применяемые при нарушении эрекции
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар – 70.225 мг силденафил цитраты (50 мг силденафилге баламалы), 33.580 мг дапоксетин гидрохлориді (30 мг дапоксетинге баламалы), қосымша заттар: лактоза Spreydried 250, сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, микрокристалды целлюлоза РН 105, натрий кроскармеллозасы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, үлбірлі қабық №14 (Opadray II Blue 85F20578): полиэтиленгликоль 3350 (Макрогол 4000), титанның қостотығы (Е171), тальк, FD&C Blue#2/Алюминий индигокармині (Е132), темірдің сары тотығы (Е172), поливинил спирті.
Қолданылуы
18 жастан 64 жасқа дейінгі ересек ерлерде мерзімінен бұрын басталған эякуляцияны (МЭ) және эректильді дисфункцияны емдеуге арналған. СИНЕГРА® LONG препаратын тек келесі критерийлерге сәйкес келетін пациенттерге тағайындау керек: - интравагинальді эякуляция (ИВЭ) кідіру уақыты екі минуттан аз; - енгізгенге дейін немесе енгізгеннен кейін көп ұзамай сексуалдық стимуляция өте аз кезде, сондай-ақ, пациент қалаған сәтке дейінгі тұрақты немесе мерзімдік эякуляциялар; - МЭ салдары ретіндегі елеулі тұлғалық дистресс немесе тұлғалар арасындағы қиындықтар; - эякуляцияның әлсіз бақылануы; - анамнезде соңғы 6 ай ішінде жыныстық қатынастарға әрекеттенулердің көпшілігінде эякуляция мерзімінен бұрын басталған жағдайда. СИНЕГРА® LONG препаратын тек болжамды сексуалдық белсенділікке дейін қажеттілігіне қарай жүргізілетін ем ретінде қолдану керек. Препаратты мерзімінен бұрын басталған эякуляция диагнозы қойылмаған ерлерде эякуляцияны кідірту үшін тағайындамаған дұрыс. СИНЕГРА® LONG тек сексуалдық стимуляция болған жағдайда ғана тиімді.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық. - азот тотығының донаторлары болып табылатын, циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына алып келетін препараттарды бір мезгілде қабылдау, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтетіні көрсетілген және оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе нитраттармен кез келген формада бірге енгізуге болмайды. - гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау, өйткені симптоматикалық гипотонияға алып келуі ықтимал. - серотонинергиялық әсерлері бар препараттармен (моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАОт), тиоридазинмен, СКҚСТ, ТЦА) қатарлас немесе олармен емдеу аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде қолдану. Тура сол сиқты, оларды СИНЕГРА®LONG препаратын қабылдау тоқтатылғаннан кейінгі 7 күн ішінде тағайындамау керек. - кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазадон, нелфинавир, атазанавир және т. б. сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау. - силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды сексуалдық белсенділіктен сақтанғаны дұрыс ерлерде (мысалы, ауыр жүрек-қантамырлық бұзылулары бар, тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде) пайдаланбау керек. - АВ блокада немесе синустық түйін әлсіздігі синдромы сияқты өткізгіштік бұзылулары. - көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көріністің ФДЭ-5 тежегішін осының алдында қолданумен байланысты немесе байланыссыз екендігіне қарамастан. - анамнездегі маниялар немесе ауыр депрессиялар. Пациенттердің келесі қосалқы топтарында препараттың қауіпсіздігі зерттелмеген, және сондықтан да оны қолдануға болмайды: - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, - артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сн. бағ.) - жуырда болған инсульт немесе миокард инфарктісі - көздің торқабығының тұқым қуалайтын белгілі дегенеративтік аурулары, пигменттік ретинит сияқты бұзылыстар (ондай пациенттердің азғантай санында торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылыстары болады).
Дозасы
Ересек ерлер (18 жастан 64 жасқа дейінгілер) Барлық пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы болжамды жыныстық актіге дейін шамамен 1 – 3 сағат бұрын, тәулігіне 1 таблетка. Препарат күнделікті тұрақты қолдануға арналмаған. Препаратты әр 24 сағат сайын бір реттен жиі қабылдамау керек. Препараттың 24 апта емдеу барысында тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер шектеулі. СИНЕГРА® LONG препаратымен емдеуді жалғастырудың клиникалық тұрғыдан талапқа сай келуі мен пайдасы-қаупі арақатынасын кемінде әр алты ай сайын қайта бағалау қажет. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Ашқылтым дәмін сезбеу үшін, СИНЕГРА® LONG препаратын толық бір стақан сумен ішіп тұтастай жұту керек, тамақпен немесе онсыз қабылдауға болады. СИНЕГРА® LONG препаратын тек, болжамды жыныстық қатынастың алдында қажеттілігіне қарай қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер 65 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуында (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет емес. Силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) СИНЕГРА® LONG препаратын бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Препаратты бауырдың орташа және ауыр жеткілікіздігі (Чайлд-Пью бойынша B және C класы) бар пациенттерге қолдануға болмайды Балалар Препарат бұл санаттағыларда мерзімінен бұрын басталған эякуляция және/немесе эректильді дисфункция көрсетілімі үшін қолдануға арналмаған. Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде CYP3A4 күшті тежегіштерін (ритонавир) бір мезгілде қабылдауға болмайды. Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емделуді бастамас бұрын, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.