+422 бонус

СИНЕГРА 100 мг №4 таб

8450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 35.12 мг, 70.24 мг, 140.48 мг силденафил цитраты (сәйкесінше 25.00 мг, 50.00 мг, 100.00 мг силденафилге баламалы), қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, Opadry II Blue 85F20578 қабығының құрамы: полиэтиленгликоль 3350 (Макрогол 4000), титанның қостотығы (Е171), тальк, FD & C Blue #2/индигокармин алюминий (Е132), темірдің сары тотығы (Е172), поливинил спирті.
Қолданылуы
- жыныс мүшесінің қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтап тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда. Синегра® препараты сексуалдық стимуляция болғанда ғана тиімді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау, олар циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі, силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін көтермелейтіні көрсетілген және оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқтылар) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бірге енгізуге болмайды - силденафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерімен, риоцигуат секілді гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілде қабылдау, өйткені әлеуетті түрде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін - силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды сексуалдық белсенділік қолайсыз болып табылатын ер адамдарда (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты жүрек-қантамырлық ауыр бұзылулары бар пациенттер) пайдаланбау керек - бұл көріністің ФДЭ-5 тежегішін алдыңғы қолданумен байланысты немесе байланысты еместігіне қарамастан, көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясының (КЖААЕИН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Силденафиллің қауіпсіздігі пациенттердің келесі қосалқы топтарында зерттелмеген, сондықтан оны қолдануға болмайды: - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, - артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.) - таяудағы инсульт немесе миокард инфарктісі - торлы қабықтың белгілі тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары, пигменттік ретинит сияқты бұзылулар (бұл пациенттердің аз бөлігінде торлы қабық фосфодиэстеразаларының генетикалық бұзылулары бар).
Дозасы
Ересектерде Ұсынылатын дозасы жыныстық қатынасқа дейін шамамен 1 сағат бұрын ішке қабылданатын 50 мг құрайды. Тиімділігі мен көтерімділігін ескере отырып, дозасын 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін азайтуға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы 100 мг құрайды. Ұсынылатын ең жоғарғы қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет. Синегра® препаратын тамақпен бірге немесе бөлек қабылдауға болады. Дегенмен, Синегра® препаратының әсері басталуы үшін тамақпен бірге қабылданған жағдайда көп уақыт қажет болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі кезінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттердегі силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты, Синегра® препаратын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты, қажет болса оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар (мысалы, бауыр циррозы бар) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендігіне байланысты, препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, қажет болса, оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады. Балалар мен жасөспірімдік кезеңдегі пациенттер Силденафил 18 жасқа толмаған балаларда қолдануға арналмаған. Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирден басқа, препаратты CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде бастапқы 25 мг дозасында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек. Бұдан өзге, силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.