+11 бонус

СИНАФЛАН 0,025% 15 г мазь

230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуоцинолона ацетонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сықпаның құрамында белсенді зат: флуоцинолон ацетониді - 3,75 мг; қосымша заттар: пропиленгликоль, ақ жұмсақ парафин, ланолин, церезин.
Қолданылуы
Синафланның құрамында жергілікті қолдануға арналған кортикостероид бар, ол терінің көптеген қабыну, қышыну және аллергиялық үдерістерін емдеуде тиімді. Синафлан препараты ересектер мен 2 жастан асқан балаларда келесі көрсетілімдер бойынша қолданылады: экзема, дерматит, атопиялық дерматит, себореялық дерматит, тиын тәрізді (нуммулярлы) экзема, сыртқы отит, жанаспалы дерматит, нейродермит, пруриго (тері қышынуында), псориаз (жайылған түйіндақты псориазды қоспағанда), жалпақ қызыл теміреткі, дискоидті қызыл жегі.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бактериялар, вирустар, зеңдер тудырған тері инфекциялары; - қызғылт безеулер, акне, периоральді дерматит, аногенитальді қышыну, жөргек бөртпелерінде; - 2 жасқа дейінгі балалар; - жүктілік, бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларда Синафлан препараттың аздаған мөлшерін терінің зақымданған жерлеріне күніне 2–3 рет жағады және жеңіл уқалайтын қимылдармен теріге ақырын ысқылап жағады. Жақпамайды құрғақ, қабыршақтанатын тері үдерістерінде пайдаланған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа. Егер окклюзиялық таңғышты қолдану қажет болса, препаратты қолданар алдында зардап шеккен аймақты мұқият тазалау керек. Окклюзиялық таңғыштар бетте және балаларда қолданылмауы керек. Кейбір жағдайларда көбірек әсер болуы үшін ыстық, ылғалды компресстер қойылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.