+3050 бонус

СИМПОНИ 50мг/0,5мл раствор №1 шприц-ручка

61000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Голимумаб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Johnson & Johnson LLC
Нұсқаулық
Құрамы
Бір автоинжектордың ішінде белсенді зат – 50 мг голимумаб қосымша заттар - сорбитол, L-гистидин, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ревматоидтық артрит (РА) Симпони® метотрексатпен (МТ) біріктіріп қолдануға көрсетілген:  метотрексатты қоса, ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) емге қанағаттанарлықсыз жауап беретін ересектердегі белсенділігі орташа және ауыр ревматоидтық артрит емі ретінде  бұрын метотрексатпен ем алмаған ересектердегі ауыр, белсенді және үдемелі ревматоидтық артрит емінде.  Симпони® препаратын метотрексатпен біріктіру буындар патологиясының үдеу жиілігін төмендететіні көрсетілген, бұл рентгенография көмегімен көріністеледі және олардың функциялық жағдайын жақсартады. Ювенильді идиопатиялық артрит Полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артрит (пЮИА) 50мг Симпони® метотрексатпен (МТ) біріктірілімде метотрексатпен алдыңғы емдеуде жауап қанағаттанарлықсыз болғаны анықталған, 2 және одан жоғары жастағы балаларда ювенильді идиопатиялық артритті емдеу үшін көрсетілген. Псориаздық артрит (ПсА) Бұрын ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) емдеуге қанағаттанарлықсыз жауап берген ересектерде Симпони® монотерапия ретінде немесе метотрексатпен біріктіріліп белсенді және үдемелі псориаздық артритті емдеуге көрсетілген. Симпони® препаратының шеткері буындар патологиясының үдеу жиілігін төмендететіні көрсетілген, бұл көптеген буындарды симметриялық қамтыған аурудың қосалқы типтері бар пациенттерде рентгенография арқылы көріністелді, сондай-ақ функциялық жағдайды жақсартады. Аксиальді спондилоартрит Шорбуынданатын спондилит (ШС) Симпони® дәстүрлі емге жауабы қанағаттанарлықсыз болған ересектердегі белсенді ауыр шорбуынданатын спондолитті емдеуге көрсетілген.   Рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит (ре-АксСА) Симпони® препараты қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емдеуге қанағаттанарлықсыз жауап білінген немесе ҚҚСП-ға жақпаушылық болған  ересек пациенттерде магниттік-резонанстық томография (МРТ) кезінде байқалған С-реактивті ақуыз (СРА) концентрациясының жоғарылауы және/немесе сәйкесінше өзгерістері сияқты қабынудың  объективті белгілерімен байқалатын белсенді ауыр рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартритті емдеу үшін көрсетілген. Ойықжаралы колит (ОЖК) Симпони® дәстүрлі (кортикостероидтар мен 6-меркаптопурин немесе азатиоприн қолданылатын) емге жауап жеткіліксіз болып шыққан ересек пациенттерде, немесе дәстүрлі ем жақпайтын немесе қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, ауырлық дәрежесі орташа және ауыр ойық жаралы колитті емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
егер Сізде голимумабқа немесе осы препараттың кез келген басқа компонентіне аллергия (аса жоғары сезімталдық) болса (Қосымша мәліметтер бөлімінде көрсетілген) егер Сізде туберкулез (ТБ) немесе басқа ауыр инфекция болса егер Сізде жүрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (NYHA III/IV класы) болса Егер Сіз жоғарыда аталған жайттың Сізге қатысты екеніне сенімді болмасаңыз, Симпони® препаратын қолданар алдында өз дәрігеріңізбен, фармацевтпен немесе медбикемен кеңесіңіз.
Дозасы
Ревматоидтық артрит, псориаздық артрит және шорбуынданатын спондилитті және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартритті қоса алғанда, аксиальді спондилоартрит: - Ұсынылатын доза 50 мг құрайды (1 автоинжектордың ішіндегісі), айына бір рет, әр айдың сол күні тері астына жасалады. - Төртінші дозаны қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз. Сіздің дәрігеріңіз сізге Симпони® препаратымен емделуді жалғастыру керектігін анықтайды. - Егер Сіздің дене салмағыңыз 100 кг-ден (алдын-ала толтырылған 2 автоинжектордың ішіндегісі) асатын болса, дозаны айына бір рет, әр айдың сол күнінде тері астына енгізілетін 100 мг-ге дейін арттыруға болады. 2 жастан бастап және одан үлкен балалардағы полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артрит - Салмағы 40 кг-ден асатын пациенттер үшін ұсынылатын доза айына бір рет, әр айдың бір күнінде тері астына 50 мг құрайды. Салмағы 40 кг-ден аз пациенттер үшін шприц-қаламда 45 мг/0.45 мл дозада препарат бар. Дәрігеріңіз Сізге дұрыс дозаны тағайындайды. - Төртінші дозаны қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз. Сіздің дәрігеріңіз сізге Симпони® препаратымен емделуді жалғастыру керектігін анықтайды. Ойықжаралы колит Төмендегі кестеде осы препаратты қалай қолдану керектігі көрсетілген. Емдеудің басталуы Бастапқы дозасы 200 мг (алдын ала толтырылған 4 автоинжектордың ішіндегісі), содан кейін 2 аптадан кейін 100 мг (алдын ала толтырылған 2 автоинжектордың ішіндегісі). Демеуші ем - Салмағы 80 кг-ден аз пациенттерде-4 аптадан кейін 50 мг (1 автоинжектордың ішіндегісі), содан кейін әр 4 апта сайын. Сіздің дәрігеріңіз Симпони® Сізге қаншалықты жақсы көмектесетініне байланысты 100 мг (алдын ала толтырылған 2 автоинжектордың ішіндегісі) тағайындау туралы шешім қабылдауы мүмкін - Салмағы 80 кг және одан жоғары пациенттерде - 100 мг (алдын ала толтырылған 2 автоинжектордың ішіндегісі) 4 аптадан кейін, содан кейін әрбір 4 аптадан кейін. Енгізу әдісі мен жолы - Симпони® инъекция түрінде тері астына («теріастылық») енгізіледі. - Симпони® препаратының инъекциясын емнің басында дәрігер немесе медбике жасайды. Симпони® препаратымен емделуді жалғастыру керектігін анықтайды. Алайда,  егер дәрігер осыны мүмкін деп санаса, Сіз Симпони® препаратының инъекциясын өзіңізге өз бетіңізше сала аласыз. Бұл жағдайда Сіз тері астына инъекция салу техникасына міндетті оқытып-үйретуден өтетін боласыз. Егер Сізде инъекцияны өз бетіңізше енгізуге қатысты қандай да бір сұрақтар болса, дәрігермен кеңесіңіз. Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулықты төмендегі «Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулар» бөлімінен қараңыз. Инъекция алдында бір реттік SmartJect (Смарт Джект) автоинжекторын тоңазытқыштан шығарып алып, оны бөлме температурасында 30 минут бойы ұстау қажет. Сілкуге болмайды! Ерітінді мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе ашық-сары болады және аздаған мөлшерде мөлдір немесе ақ ақуыз бөлшектері болуы мүмкін. Ақуызы бар ерітінділер үшін ішінде олардың  болуына жол беріледі. Ауа көпіршіктерінің болуына жол беріледі. Егер ерітінді түсін өзгертсе, бұлыңғыр немесе ішінде көрінетін бөгде бөлшектері болса, Симпони® препаратын қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.