СИМДАКС 2,5 мг/мл 5 мл №1 фл

314600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левосимендан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ФИНЛЯНДИЯ
  • Өндіруші: Orion Corparation
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл концентраттың құрамында белсенді зат - 2,5 мг левосимендан, қосымша заттар: повидон, сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол.
Қолданылуы
- дәстүрлі емдеу нәтижесіз болғанда және инотропты қолдау көрсету қажет болған жағдайда жедел декомпенсацияланған созылмалы ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігін қысқа мерзімде емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық - ауыр артериялық гипотензияда және тахикардияда - бүйрек функциясының ауыр бұзылуында (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүрек қарыншаларына қанның толуын және/немесе олардан қанның шығуын қиындататын айтарлықтай механикалық обструкцияда - анамнезінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - алкоголизмнен зардап шегетін адамдар - эпилепсия - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Емдеу дозасы мен ұзақтығы пациенттің клиникалық күйіне және емдеу нәтижесіне сәйкес жеке анықталуы тиіс. Емдеуді 6-12 мкг/кг қанығу дозасынан бастау керек, ол кемінде 10 минут бойы енгізіледі, соңынан 0.1 мкг/кг/мин жылдамдықта үздіксіз енгізіледі. Инфузияның басында  тамырды кеңейтуші және/немесе инотропты дәрілермен қосымша вена ішіне ем қабылдайтын пациенттерге қанығу дозасын 6 мкг/кг-ға дейін төмендетуге болады. Пациенттердің емдеуге деген клиникалық айқын әсері  қанығу дозасын енгізу кезінде немесе доза түзетілген сәттен бастап 30 - 60 минут ішінде бағаланады. Егер пациенттің енгізуге деген клиникалық жауабы шектен тыс күшті деп саналса гипотензия, тахикардия,  ерітінді енгізу жылдамдығын 0.05 мкг/кг/минутқа дейін төмендетуге немесе енгізуді тоқтатуға болады. Егер бастапқы доза жақсы көтеріліп, гемодинамикалық әсерін күшейту қажет болса, енгізу жылдамдығын 0.2 мкг/кг/минутқа дейін ұлғайтуға болады. Жедел қалпына келмейтін ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайында ұсынылатын енгізу ұзақтығы 24 сағатты құрайды. Препаратты енгізуді тоқтатқан соң дағдылану немесе кері әсер ету феномені байқалған жоқ. Гемодинамикалық әсерлер кемінде 24 сағат сақталады және инфузия тоқтатылғаннан кейін 9 күнге дейін байқалуы мүмкін. Симдаксты қайталап қолдану және дигоксинді қоспағанда, вазобелсенді препараттарды, соның ішінде инотропты препараттарды бір мезгілде қолдану тәжірибесі шектеулі. REVIVE бағдарламасына сәйкес вазобелсенді препараттарды бір мезгілде қолданумен қанығудың төмен дозасын (6 мкг/кг) енгізу туралы ақпарат бар. Емдеу мониторингі Емдеу кезінде ЭКГ, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, зәр шығаруды бақылау қажет. Параметрлерді препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде немесе пациенттің клиникалық жағдайы тұрақты болғанша бақылаған жөн. Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде кемінде 5 күн бойы бақылау ұсынылады. Инфузия үшін 0,05 мг/мл концентрациядағы  ерітіндіні  дайындау үшін 10 мл концентратты 500 мл  5 % глюкоза ерітіндісімен  араластыру керек. Демеуші дозаны және қанығу дозасы үшін 0,05 мг/мл концентрациялы ерітіндіге арналған инфузия жылдамдығы 1-кестеде көрсетілген. 1-кесте Пациенттің дене салмағы, кг Қанықтыру дозасы кемінде 10 минут жылдамдықпен енгізіледі (мл / сағ) Демеуші инфузияның жылдамдығы (мл/сағ) 6 мкг / кг 12 мкг/кг 0,05 мкг/кг/мин 0,1 мкг/кг/мин 0,2 кг/кг / мин 40 29 58 2 5 10 50 36 72 3 6 12 60 43 86 4 7 14 70 50 101 4 8 17 80 58 115 5 10 19 90 65 130 5 11 22 100 72 144 6 12 24 110 79 158 7 13 26 120 86 173 7 14 29 0,025 мг/мл концентрациясында инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін 5 мл концентратты 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен араластырыңыз. 2-кестеде қанықтыру дозасы мен демеуші доза үшін 0,025 мг/мл концентрациядағы ерітінді үшін инфузия жылдамдығы көрсетілген. 2-кесте Пациенттің дене салмағы, кг Қанықтыру дозасы кемінде 10 минут жылдамдықпен енгізіледі (мл / сағ) Демеуші инфузияның жылдамдығы (мл/сағ) 6 мкг / кг 12 мкг/кг 0,05 мкг/кг/мин 0,1 мкг/кг/мин 0,2 кг/кг / мин 40 58 115 5 10 19 50 72 144 6 12 24 60 86 173 7 14 29 70 101 202 8 17 34 80 115 230 10 19 38 90 130 259 11 22 43 100 144 288 12 24 48 110 158 317 13 26 53 120 173 346 14 29 58 Енгізу әдісі мен жолы Венаішілік. Симдакс орталық және шеткергі тамырларға енгізуге арналған. Барлық парентеральді дәрілік заттар сияқты сұйылтылған ерітіндіде қатты заттардың бар-жоғын және түсінің өзгеруін мұқият тексеру керек. Дайын ерітіндіні 24 сағат бойы 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Микробиологиялық көзқараспен ерітіндіні дайындағаннан кейін тез арада пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.