+276 бонус

СИМБРИНЗА 5 мл гл кап

5535 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бринзоламид в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Алкон-Куврер Н.В. С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препарат құрамында: белсенді заттар: бринзоламид – 10.01 мг, бримонидин тартраты – 2.0 мг; қосымша заттар: карбомер (974Р), натрий хлориді, маннитол, пропиленгликоль, тилоксапол, бор қышқылы, бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су. 1 - өндірістегі 2% артық мөлшері есебінсіз Сыртқы түрі, иісі, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомасы немесе көзішілік гипертензиясы бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды (КІҚ) төмендетуде, монотерапия көзішілік қысымның жеткілікті төмендеуін қамтамасыз етпегенде Қолданудың басталуына дейін қажет болатын мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне немесе сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық; препаратты моноаминоксидаза (MAO) тежегішімен қабылдайтын пациенттер; норадренергиялық берілісті нашарлататын антидепрессанттарда жүрген пациенттер (мысалы, трициклды антидепрессанттар және миансерин); бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер; гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттер; жаңа туған нәрестелерге және 8 (сегіз) жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ұсынылатын доза – Симбринза* препаратының бір тамшысы зақымданған көзге (көздерге) тәулігіне екі рет. Енгізу әдісі және жолы Тек офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Қолданар алдында құтыны шайқау қажет. Құтының ішіндегісін ластап алмас үшін пипетканың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізіп алмау керек. Пайдаланудан кейін құтыны тығыз жабылған күйде ұстау керек. Симбринза* препаратын КІҚ төмендету үшін жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде пайдалануға болады. Жергілікті қолданылатын офтальмологиялық препаратты біреуден көп қолданғанда тамызулар арасында кем дегенде 5 минут аралық қадағалану қажет. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.