+537 бонус

СИМБИКОРТ Турбухалер 80/4,5 мкг/доза 60 доз порошок для ингаляций дозированный

10740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Формотерол и будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Әрбір доза (мүштіктен шығатын доза) құрамында белсенді заттар: микрондалған будесонид 80 мкг, формотерол фумаратының дигидраты 4.5 мкг, қосымша зат - лактоза моногидраты 810 мкг
Қолданылуы
Симбикорт® Турбухалер® біріктірілген емді (ингаляциялық кортикостероид пен ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонисі) мақсатқа сай қолданған жағдайда бронх демікпесін демеуші емдеу үшін ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған: - қажет болған жағдайда қолданылатын ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерінің көмегімен жай-күйі жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге - жағдайы ингаляциялық кортикостероидтармен және ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерімен тиісті түрде бақыланатын пациенттерге
Қарсы көрсетілімдер
- будесонидке, формотеролға немесе лактозаға жоғары сезімталдық - галактозаның тұқым қуалайтын көтере алмаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы - ауыр дәрежедегі бронх демікпесі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Симбикорт ® Турбухалер ® демікпені бастапқы емдеу үшін тағайындалмайды. Препарат компоненттерінің дозалары жеке таңдалады және аурудың ауырлығына сәйкес реттеледі. Мұны біріктірілген препараттарды қолданудың басында ғана емес, сонымен қатар демеуші дозаны түзету кезінде де ескеру керек. Егер пациентке құрамдастырылған ингалятордағы дозалардан ерекшеленетін дозалар біріктірілімі қажет болса, жеке ингаляторлардағы β2-адренорецепторлар және/немесе кортикостероидтар агонистерінің тиісті дозаларын тағайындау керек. Дозаны аурудың симптомдарын тиімді бақылауға мүмкіндік беретін ең төменгі дозаға дейін титрлеу ұсынылады. Симбикорт® Турбухалер® препаратының дозасы оңтайлы болып қалуы үшін пациенттерге ұдайы дәрігердің қайталап тексеруінен өту қажет. Ең аз ұсынылған дозаның көмегімен симптомдарды ұзақ бақылауға қол жеткізгеннен кейін ингаляциялық кортикостероидтың көмегімен симптомдарды бақылау керек. Симбикорт® Турбухалер® препаратымен ем тағайындауға екі тәсіл бар: А. Симбикорт® Турбухалер® ұстамаларды басу үшін қысқа әсер ететін жеке 2-адреностимулятормен біріктірілімде тұрақты демеуші ем үшін тағайындалады. В. Симбикорт ® Турбухалер® тұрақты демеуші ем үшін де, ұстамаларды басу үшін симптомдар пайда болған кезде де тағайындалады. А. Демеуші емге арналған Симбикорт® Турбухалер®. Ұстаманы басу үшін пациентте үнемі өзімен бірге қысқа әсер ететін 2-адреностимуляторы бар жеке ингалятор болуы қажет. Ересектер (18 жастағы және одан асқан): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Қажет болған жағдайда, дозаны тәулігіне екі рет 4 ингаляцияға дейін арттыруға болады. Жасөспірімдер (12-17 жас): күніне екі рет 1-2 ингаляция. 6 жастан асқан балалар: тәулігіне екі рет 2 ингаляция. 6 жасқа дейінгі балалар: Симбикорт® Турбухалер® 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Препаратты тәулігіне екі рет қабылдаған кезде бронх демікпесінің симптомдарын оңтайлы бақылауға қол жеткізгеннен кейін, дәрігердің пікірі бойынша пациентке ұзақ әсер ететін бронходилататормен біріктірілімде демеуші ем қажет болған жағдайларда дозаны ең төмен тиімдіге дейін, препаратты тәулігіне бір рет қабылдауға дейін төмендету ұсынылады. Қысқа әсер ететін β2-адреностимуляторларды пайдалану жиілігінің артуы ауруды жалпы бақылаудың нашарлауының көрсеткіші болып табылады және демікпеге қарсы емді қайта қарастыруды талап етеді. В. Демеуші емге және ұстамаларды басуға арналған Симбикорт ® Турбухалер® Симбикорт® Турбухалер® тұрақты демеуші ем ретінде де, ұстамалар туындаған кезде талап ету бойынша ем ретінде де тағайындалуы мүмкін. Ұстаманы басу үшін пациентте өзімен бірге Симбикорт® Турбухалер® үнемі болуы қажет. Симбикорт® Турбухалер® демеуші ем ретінде және ұстамаларды басуға арналған, әсіресе келесі пациенттерге: - бронх демікпесі жеткіліксіз бақыланатын және ұстаманы басу үшін препараттарды жиі пайдалану қажеттілігі бар; - анамнезінде медициналық араласымды талап ететін бронх демікпесінің өршуі бар. Ұстаманы басу үшін ингаляцияның көп мөлшерін пайдаланатын пациенттерде дозаға тәуелді жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау талап етіледі. Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан және одан асқан): ұсынылатын демеуші доза тәулігіне 2 ингаляцияны құрайды - не таңертең және кешке 1 ингаляция немесе бір рет тек таңертең немесе кешке 2 ингаляциядан. Симптомдардың дамуы кезінде қажеттілігіне қарай 1 қосымша ингаляция тағайындау керек. Симптомдар бірнеше минут ішінде одан әрі ұлғайған кезде тағы 1 қосымша ингаляция тағайындалады, бірақ 1 ұстаманы басу үшін 6 ингаляциядан аспайды. Әдетте тәулігіне 8 ингаляциядан артық тағайындау талап етілмейді, алайда қысқа уақытқа ингаляция санын тәулігіне 12-ге дейін арттыруға болады. Тәулігіне 8-ден астам ингаляция алатын пациенттерге емді қайта қарау үшін медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер: Симбикорт® Турбухалер® демеуші ем үшін және ұстаманы басу үшін балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ұсынылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер үшін препараттың дозасын арнайы таңдаудың қажеті жоқ. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Симбикорт® Турбухалер® препаратын қабылдау туралы деректер жоқ. Будесонид пен формотерол негізінен бауыр метаболизмінің қатысуымен шығарылатындықтан, бауырдың ауыр циррозы бар пациенттерде препаратты шығару жылдамдығының баяулауын күтуге болады. Енгізу әдісі мен жолы Симбикорт® Турбухалер® препаратын дұрыс қолдану үшін: - Турбухалер® ингаляторын қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу (қоса беріледі) - препараттың оңтайлы дозасының өкпеге түсуі кепілді болу үшін мүштік арқылы мықтап әрі терең демалу - мүштік арқылы ешқашан дем шығармау - ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығы кандидозының даму қаупін кеміту үшін әрі демеуші дозалар ингаляциясынан, әрі симптомдарды басуға арналған ингаляциядан кейін ауызды сумен шаю. Пациент Симбикорт® Турбухалер® пайдаланғаннан кейін дәм сезбеуі немесе препаратты сезінбеуі мүмкін, бұл жеткізілетін заттың аздаған мөлшерінен-ақ болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.