+896 бонус

СИМБИКОРТ РАПИХАЛЕР 80 мкг/4,5 мкг №120 доз

17930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Формотерол и будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Препараттың бір дозасының (мүштіктен шығатын доза) құрамында белсенді заттар: будесонид микрондалған 80 мкг немесе 160 мкг, микрондалған формотерол фумарат дигидраты 4.5 мкг. қосымша заттар-повидон К25, полиэтиленгликоль 1000, HFA 227 (апафлюран немесе 1,1,1,2,3,3,3-гептафторпропан)
Қолданылуы
кортикостероидтың төмен дозалары ингаляция үшін жеткіліксіз болғанда, ингаляциялық глюкокортикостероид пен бронходилататор біріктірілімін пайдалану қажет болатын бронх демікпесінде жиі симптомдармен және анамнезінде асқынулары бар ауыр дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруын (ӨСОА) (ҚДК1 <50%) симптоматикалық демеуші емдеуде (160 мкг/4.5 мкг доза үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - тахиаритмия, үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада - 6 жасқа дейінгі балалар - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (ӨСОА кезінде)
Дозасы
Бронх демікпесі Симбикорттм Рапихалер дозасы дәрігермен үнемі қадағалануы керек және аурудың күрделігіне қарай жеке таңдалуы керек. Бастапқы доза симптомдардың тиімді бақылауына қол жеткізуге болатындай етіп, таңдалуы тиіс. Бронх демікпесі симптомдарының қажетті бақылауына қол жеткізілгеннен кейін дозаны ең аз тиімді демеуші дозаға дейін төмендету ұсынылады. Қажет болған жағдайда, пациентті ингаляциялық кортикостероидтармен монотерапияға ауыстыруды қарастыруға болады. Ауыр бронх демікпесінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың ықтимал дамуына байланысты тұрақты медициналық тексерулер көрсетіледі. Ауыр бронх демікпесі бар пациенттерде ұзақ симптомдар, жиі өршулер және бронходилататорды қолданғанына қарамастан қалыпты мәндерге оралмайтын қалыптыдан 60% - дан төмен, ағынның ең жоғары өзгергіштігі > 30% ЖДШЖ мәндері (шектік дем шығару жылдамдығы) болады. Мұндай пациенттерге кортикостероидтармен ингаляциялық немесе ішке ем көрсетілген. Симптомдардың кенеттен ушығуы медициналық бақылаумен жүзеге асыру керек кортикостероид дозасын арттыруды талап етуі мүмкін. Алайда, біріктірілген препаратты қолдану жиілігін арттырмау керек. Тұрақсыз жағдайларда пациентті бір компонентті препараттарға ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек. Пациенттерге Симбикорттм Рапихалер препаратының тәуліктік демеуші дозасын және қажет болған жағдайда симптомдарды басу үшін тез әсер ететін бронходилататорды қолдану керек. Төтенше жағдайларда қосымша ем қажет болуы мүмкін. Пациенттер әрдайым жылдам әсер ететін бронходилататорды өзімен алып жүруі керек. Кезек күттірмейтін көмек препаратын жиі қолдану пациент жағдайының нашарлауын және бронх демікпесін емдеуді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Ересектер (18 жастан жоғары): СимбикорттмРапихалер 80/4.5 мкг/доза: тәулігіне 1 немесе 2 рет 2 ингаляция. Кейбір жағдайларда демікпе симптомдары күшейген кезде дозаны уақытша немесе демеуші доза ретінде тәулігіне 2 рет 4 ингаляцияға дейін арттыруға болады. Симбикорттм Рапихалер 160/4.5 мкг/доза: тәулігіне 1 немесе 2 рет 2 ингаляция. Кейбір жағдайларда демікпе симптомдары күшейген кезде дозаны уақытша немесе демеуші доза ретінде тәулігіне 2 рет 4 ингаляцияға дейін арттыруға болады. Жасөспірімдер (12-17 жас): Симбикорттм Рапихалер 80/4.5 мкг/доза: тәулігіне 1 немесе 2 рет 2 ингаляция. Демікпе симптомдары күшейген кезде дозаны уақытша (ең көбі 1 аптаға) тәулігіне 2 рет 4 ингаляцияға дейін арттыруға болады. Симбикорттм Рапихалер 160/4.5 мкг/доза: тәулігіне 1 немесе 2 рет 2 ингаляция. Демікпе симптомдары күшейген кезде дозаны уақытша (ең көбі 1 аптаға) тәулігіне 2 рет 4 ингаляцияға дейін арттыруға болады. Балалар (6-11 жас): Симбикорттм Рапихалер 80/4.5 мкг/доза: тәулігіне 2 рет 2 ингаляция. Ең жоғары тәуліктік доза 4 ингаляция. Симбикорттм Рапихалер препаратының Симбикорттм Турбухалер препаратымен баламалылығы статистикалық түрде тәулігіне 2 рет 80/4.5 мкг немесе 160/4.5 мкг 2 ингаляция қолданғанда расталды. Дегенмен, бұл баламалылық барлық дозалар үшін расталған жоқ. 6 жасқа дейінгі балалар: Симбикорттм Рапихалер 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы Ересектер: Симбикорт тм Рапихалер препаратының 2 ингаляциясы 160/4.5 мкг/доза тәулігіне 2 рет . Ең жоғары тәуліктік доза 4 ингаляция.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.