+209 бонус

СИЛУЕТ 2 мг/0,03 мг №21 таб

4185 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диеногест и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 2 мг микрондалған диеногест, 0,03 мг микрондалған этинилэстрадиол қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, калий полакрилині, магний стеараты, гипромеллоза 2910 типі үлбірлі қабық құрамы Опадрай II. ақ 85F18422: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк
Қолданылуы
Гормональді контрацепция. Силует препаратын тағайындау алдында әйелде болатын, әсіресе, вена тромбоэмболиясына (ВТЭ) қатысты жеке қауіп факторларын бағалау, сонымен қатар Силует препаратын басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен қабылдау кезіндегі вена тромбоэмболиясы қаупін салыстыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) келесі жай-күйлерде қолдануға болмайды. Егер осы жай-күйлердің қандай да бірі препаратты қабылдау аясында алғаш рет дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс. - Вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) болуы немесе туындау қаупі: Вена тромбоэмболиясы (ВТЭ) – вена тромбоэмболиясының қазіргі уақытта (антикоагулянттар аясында) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы (ТВТ) немесе өкпе артериясы тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)) болуы. Вена тромбоэмболиясының анықталған, ауырлап кеткен тұқым қуалаушылығы немесе оған жүре пайда болатын бейімділік, мысалы, белсенділенген С протеиніне (V Лейден факторын қоса) төзімділік, ІІІ антитромбин жеткіліксіздігі, С протеині немесе S протеині жеткіліксіздігі. Иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды хирургиялық араласулар. Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын вена тромбоэмболиясының жоғары қаупі. - Артерия тромбоэмболиясының (АТЭ) даму қаупінің болуы: Артерия тромбоэмболиясы – артерия тромбоэмболиясының қазіргі уақытта немесе анамнезде (мысалы, миокард инфарктісі) болуы немесе оның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, стенокардия) болуы. Ми қан айналымының бұзылуы – инсульттің қазіргі уақытта немесе анамнезде болуы немесе оның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, ТИШ) болуы. Артерия тромбоэмболиясының анықталған ауырлап кеткен тұқым қуалаушылығы немесе оған жүре пайда болатын бейімділік, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелер (кардиолипинге қарсы антиденелер, жегілік антикоагулянт). Анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасымен бас сақинасының болуы. Көптеген қауіп факторларының болуы немесе төменде атап көрсетілгендерден күрделі бір қауіп факторының болуы салдарынан артерия тромбоэмболиясының жоғары даму қаупі: тамыр көріністерімен қант диабеті ауыр артериялық гипертензия ауыр дислипопротеинемия - Қазіргі уақытта немесе анамнезде айқын гипертриглицеридемиямен болатын панкреатит. - Қазіргі уақытта немесе анамнезде бауыр функциясының өзгерген зертханалық көрсеткіштерімен бауырдың ауыр сипатты ауруының болуы. - Қазіргі уақытта немесе анамнезде бауыр ісіктерінің (қатерсіз немесе қатерлі) болуы. - Анықталған немесе болжанатын жыныстық стероидты гормондарға тәуелді қатерлі жаңа түзілім (мысалы, жыныс ағзаларының немесе сүт бездерінің жаңа түзілімі). - Нақты анықталмаған қынаптан қан кету. - Әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық. - Силует препаратын және құрамында омбитасвир/паритапревир/ ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Таблеткаларды күн сайын шамамен белгілі бір уақытта қабылдап, қажет болғанда блистер қаптамасында көрсетілген тәртіпте аздаған сұйықтық мөлшерімен ішу керек. Силует препаратын қабылдауды қалай бастайды Егер гормональді контрацепцивтік дәрілер алдыңғы айда қолданылмаса Таблеткалар қабылдауды етеккір оралымының 1-ші күнінен (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күнінен) бастау керек. Басқа біріктірілген пероральді контрацептивтен (БОК) ауысқанда Силует препаратын қабылдауды осының алдында біріктірілген пероральді контрацептивтің соңғы белсенді таблеткасын қабылдаудан кейін, бірақ БОК қабылдаудағы әдеттегі үзілістің аяқталуынан немесе осының алдында БОК соңғы белсенді емес таблеткасын қабылдаудан кейінгі келесі күннен кешіктірмей бастаған дұрыс. Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқанда Силует препаратын қабылдауды қынаптық сақина немесе бұласыр алып тасталған күні, бірақ жаңа сақина енгізілуі немесе жаңа бұласыр жапсырылуы тиіс күннен кешіктірмей бастаған дұрыс. Құрамында тек прогестаген бар контрацептивтерден («мини-пили», инъекциялық түрлер, имплантат) немесе прогестаген босатып шығаратын жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) ауысқанда Силует препаратына «мини-пилиден» кез келген күні ауысуға болады (имплантаттан немесе ЖІЖ-ден ауысу ол алып тасталған күні, ал инъекциялық түрінен - келесі инъекция жасалуы тиіс күні жүргізілу қажет). Осы жағдайлардың бәрінде препарат қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет. Жүктіліктің бірінші триместріндегі аборттан кейін Силует препаратын қабылдауды кідіріссіз бастауға болады. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша шаралары қажет емес. Босанудан соң немесе жүктіліктің екінші триместрінен кейінгі аборттан кейін Әйелге препарат қабылдауды босанудан соң немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін 21-28 күні бастауға кеңес беріледі. Егер препарат қабылдау кеш басталса, препарат қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша қолдану қажет. Егер БОК қабылдаудың басталуына дейін жыныстық қатынас орын алса, жүктілікті жоққа шығару немесе бірінші етеккірді күте тұру қажет. Асқазан-ішек бұзылыстары кезіндегі нұсқаулар Ауыр асқазан-ішек бұзылыстарында әсер етуші заттардың сіңуі толық болмауы мүмкін, сондықтан контрацепцияның қосымша әдістері қажет болады. Егер таблетка қабылдаудан кейін 3-4 сағат ішінде құсу болса, қосымша таблетканы мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер 12 сағаттан көп уақыт өтсе, таблетканы өткізіп алу кезіндегі нұсқауларды бағдарға алу керек. Егер әйел препарат қабылдаудың дағдылы режимін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадан қосымша таблетканы (-ларды) қабылдау керек. Етеккір тәрізді қан кетудің басталуын кейінге шегеру Етеккір тәрізді қан кетудің басталуын кейінге шегеру үшін қабылдаудағы үзіліссіз алдыңғы қаптамадан барлық таблеткалар қабылданып біткен соң бірден Силует препаратының жаңа қаптамасынан таблеткалар қабылдауды жалғастыру қажет. Таблеткалар қабылдауды қанша қажет болса, сонша ұзақ, бірақ екінші қаптамадан таблеткалар таусылатын сәтке дейін ғана жалғастыруға болады. Екінші қаптамадан препаратты қабылдау аясында «құйылған» қан кетулер немесе «жағынды» қан аралас бөліністер білінуі мүмкін. Силует препаратын әдепкі қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен кейін жаңғыртуға болады. Етеккір тәрізді қан кетудің басталу күнін аптаның басқа күніне ауыстыру үшін (таблеткалар қабылдаудың ағымдағы кестесіндегі осындаймен салыстырғанда) таблеткалар қабылдаудағы үзілісті қалаулы күндер санына қысқартуға болады. Таблеткалар қабылдаудағы үзіліс қанша қысқа болса, етеккір тәрізді қан кетудің басталмау ықтималдығы сонша жоғары, ал екінші қаптамадан таблеткалар қабылдау кезінде «құйылған» қан кетулер мен «жағынды» бөліністерді (етеккір тәрізді қан кетуді кейінге шегеру кезіндегідей) байқауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы тұлғалар Қатысты емес. Силует препараты менопауза бастауынан кейін көрсетілмеген. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Силует препараты бауырдың ауыр сипатты аурулары бар әйелдерге қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Силует препаратын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану зерттелмеген. Қолда бар деректерде осындай пациент әйелдерде емдеу сызбасын өзгерту көзделмейді. Балалар Силует препараты менархе басталуынан кейін ғана көрсетілген. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Препарат 21 күн бойы 1 таблеткадан күнделікті қабылданады. Әр келесі қаптама 7-күндік үзілістен кейін басталады. «Тоқтату» қан кетуі, әдетте, соңғы таблетканы қабылдаудан кейін 2-3 күні басталады және келесі қаптамадан таблеткалар қабылдау басталғанша тоқтамауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.